AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / АҚШ-та Трамп саясатына қарсы «No Kings» шеруі өтті

АҚШ-та Трамп саясатына қарсы «No Kings» шеруі өтті

Әлем 29.03.2026, 15:32 503
АҚШ-та Трамп саясатына қарсы «No Kings» шеруі өтті
DW

АҚШ-тың барлық 50 штатында Дональд Трамп әкімшілігінің саясатына қарсы «No Kings» ұранымен жаппай наразылық акциялары өтті, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Reuters мәліметінше, ел бойынша 3200-ден астам шеру ұйымдастырылған. Ал бірқатар басылымдар акциялар саны 3300-ден асқанын, оған миллиондаған адам қатысқанын жазды. Кей деректерде қатысушылар саны 8 миллионға жуық деп бағаланған.

Наразылық білдірушілер президент билігінің шамадан тыс күшеюіне, көші-қон саясатының қатаюына және АҚШ-тың қазіргі сыртқы саяси қадамдарына қарсылық танытты. Ірі шерулер Нью-Йорк, Вашингтон, Даллас және басқа да қалаларда өтті. Сарапшылар бұл толқуды соңғы жылдардағы ең ауқымды азаматтық белсенділіктің бірі ретінде бағалап отыр.

Наразылықтың басты ошақтарының бірі Миннесота болды. Reuters бұл штаттағы ашу-ызаға иммиграциялық қызметке байланысты екі азаматтық өлім оқиғасынан кейінгі қоғамдық реакция түрткі болғанын жазады. Ал Сент-Полдағы ірі жиында музыкант Брюс Спрингстин сөз сөйлеп, акцияны азаматтық қоғамның күшімен байланыстырды.

«No Kings» қозғалысына шетелдегі қолдау акциялары да қосылды. Шерулер мен ынтымақтастық митингілері Париж, Лондон және басқа да қалаларда өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);