ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / АҚШ-та құлпынайдан А гепатиті тарады

АҚШ-та құлпынайдан А гепатиті тарады

Әлем 01.06.2022, 03:20 1,388
АҚШ-та құлпынайдан А гепатиті тарады
Cурет: Inform.kz
Қазір бұл құлпынай сатылымда жоқ

Қазір бұл құлпынай сатылымда жоқ


АҚШ пен Канадада вирус жұқтырған органикалық құлпынайдың кесірінен А гепатитінің өршу фактісі тіркелді. Жемістің бұл түрі аталған елдерде 5 наурыз бен 25 сәуір аралығында сатылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«Al Jazeera» телекомпаниясының мәліметінше, АҚШ-тың азық-түлік пен дәрі-дәрмекті бақылау басқармасы вирус жұқтырған жемістердің «FreshKampo» сауда маркасымен бүкіл ел аумағында сатылғанын айтып отыр. Салдарынан «А» гепатитін жұқтырудың 17 фактісі тіркеліп, 12 адам ауруханаға түскен. Ал Канадада 10 жағдай тіркеліп отыр. Оның төртеуі Альбертеде, алтауы Саскачеванда тіркелген. АҚШ-та тіркелген жағдайлардың кемінде 15-і Калифорния штатына тиесілі. Тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектің сапасын санитарлық қадағалу басқармасының мәліметі бойынша, вирус жұқтырған құлпынай Trader Joe's пен Walmart сияқты кемінде 9 сауда желісі арқылы сатылған. Канаданың Қоғамдық денсаулық сақтау агенттігі (PHAC) бұл жемістердің 5-9 наурыз аралығында сатылғанын мәлімдеп отыр. Қазір сатылымда жоқ. 



«Құлпынайды жастай сатып алып, тоңазытып сақтап, кейін тұтынуға болмайды. Жас күйінде желінбеген құлпынайды салқын жерде сақтағанның өзінде жемей, тастау керек»», - дейді санитарлық бақылау басқармасының мамандары. 



А гепатиті – бауырды қабындыратын жұқпалы ауру. Бұл ауру санитарлық жағдай нашар болған жерде немесе гигиеналық тазалық сақталмаған жағдайда туындайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша, 2016 жылы гепатиттің бұл түрінен 7 134 адам көз жұмған. Гепатиттің өзге түрлерінен бір айырмашылығы – созылмалы ауруларға себепкер болмайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,179 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.