ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Экономика / АҚШ Қазақстан экономикасына 62 млрд доллардан аста...

АҚШ Қазақстан экономикасына 62 млрд доллардан астам тікелей инвестиция салған

Экономика 14.06.2025, 16:51 863
АҚШ Қазақстан экономикасына 62 млрд доллардан астам тікелей инвестиция салған
Сурет: Gov.kz
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Америка Құрама Штаттарына ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық...

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Америка Құрама Штаттарына ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Қанат Шарлапаевтың төрағалығымен дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға америкалық трансұлттық корпорациялар, инвестициялық қорлар мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты. Олардың қатарында ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов болды.

Кездесу барысында инвестициялық серіктестіктің басым бағыттары, оның ішінде шикізаттық емес секторларды дамыту, орнықты өсу технологиялары, инфрақұрылым және өндірісті жергіліктендіру мәселелері талқыланды. Қазақстандық тарап АҚШ-ты ел экономикасына 62 млрд АҚШ долларынан астам тікелей инвестиция салған ірі инвестор ретінде атап өтіп, ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің маңыздылығын жеткізді.

Ғ.Оспанқұлов АҚШ бизнесінің Қазақстанға деген қызығушылығы артып келе жатқанын атап өтті: «АҚШ – біздің негізгі стратегиялық серіктесіміз. Бүгінде қазақстандық нарықта ірі америкалық компаниялар табысты жұмыс істеуде, және біз олардың қатарын кеңейтуге мүдделіміз. Біз тек капитал тартуға емес, бірлескен өндірістерді іске қосуға, озық технологияларды енгізуге және жаңа экспорттық тауашаларды дамытуға ұмтыламыз. Бүгінгі кездесу жаңа жобаларға қосымша серпін береді деп сенеміз».

Сондай-ақ сапар аясында АҚШ Сауда палатасының Таяу Шығыс, Түркия және Қазақстан бойынша вице-президенті Дженнифер Милмен кездесу өтті. Тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы іскерлік серіктестіктің ағымдағы жай-күйін және Қазақстандық-америкалық іскерлік кеңес аясындағы өзара іс-қимылды кеңейту жолдарын талқылады. Әсіресе Қазақстанның америкалық бизнес қауымдастығы арасында танымалдылығын арттыру және нақты инвестициялық бастамаларды іске асыру мәселелеріне баса назар аударылды.

Бұдан бөлек, Комитет басшысы «Jones Equity Fund», «Heeney Capital», «Honeywell», «IG Global», «Amazon Kuiper», «Jennmar» және басқа да компаниялармен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Қазақстан тарапы жобаларды толық сүйемелдеуге, соның ішінде әкімшілік қолдау көрсетуге, мемлекеттік қолдау шараларына және жергілікті серіктестерді іздеуге дайын екенін растады.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.