ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / АҚШ Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдады

АҚШ Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдады

Саясат 01.09.2021, 08:22 1,777
АҚШ Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдады
Сурет: Akorda.kz
АҚШ Президенті Қазақстан халқын Семей ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл толуымен құттықтады

АҚШ Президенті Қазақстан халқын Семей ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл толуымен құттықтады


Қазақстан Президентінің атына келген хатта Джозеф Байден Семей ядролық полигонының жабылғанына отыз жыл толуына орай құттықтауын жеткізген, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап. 


«29 тамыз күні Семей ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл толуына орай Америка Құрама Штаттарының атынан Қазақстан Республикасының халқына ең ізгі құттықтауымды білдіргім келеді. Америка Құрама Штаттары бұрынғы сынақ полигоны аймағын қалпына келтіру мен оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Сіздің Үкіметіңізбен арадағы жалғасып жатқан ынтымақтастықты қоса алғанда, Қазақстанмен берік серіктестігін нығайта бермек. Америка Құрама Штаттары Қазақстанның тәуелсіздік алған алғашқы күнінен бастап Семей аймағында әріптестік қарым-қатынаста жұмыстар атқарып келеді», – деп жазды АҚШ Президенті.

Джозеф Байден қауіп-қатерлерді бірлесіп төмендетуге бағытталған Нанн-Лугар бағдарламасы аясында кеңестік ядролық сынақ инфрақұрылымынан қалған мұраны жою жолында Қазақстан мен АҚШ-тың бірігіп жұмыс атқарғанын еске алып, екі елдің достығын атап өтті.


«Америка Құрама Штаттары Сіздің еліңізді дос деп мақтана айтады және мен серіктестігіміздің әлеуетін толық әрі жемісті іске асыру үшін Сізбен жұмыс істеуге дайынмын», – делінген Джозеф Байденнің хатында.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.