Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Апаттық жағдайды жоюға атсалысқан азаматтардың еңб...

Апаттық жағдайды жоюға атсалысқан азаматтардың еңбегі еленді

Әлеумет 01.03.2023, 10:08 1,106
Апаттық жағдайды жоюға атсалысқан азаматтардың еңбегі еленді
Сурет: ашық дереккөз

Президент төтенше жағдай кезінде жұмыс істеген екібастұздықтарды марапаттады.


Былтыр 27 қарашада Екібастұз қаласындағы жылу желілерінде апат болып, 149 тұрғын үй бір мезетте жылусыз қалған еді. Бірден төтенше жағдай жарияланып, барлық күш апат салдарын жоюға жұмсалды. Сол сын сағатта баспаналарға қайта жылу берілуі үшін қарапайым жұмысшылар аянып қалмады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.


Қиын-қыстау кезеңде күні-түні еңбек еткен 50-ге жуық азамат Алғыс айту күні сый-құрметке бөленді. Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Екібастұз қаласындағы «Қайнар» демалыс–білім беру кешенінде өткен салтанатты жиында әр салада еселі еңбек етіп жүрген облыс тұрғындарына, белсенді азаматтық ұстанымын білдіріп жүрген жұртшылыққа ризашылығын білдірді. Әсіресе, қиын-қыстау кезеңде бір үйдің баласындай жұмылып, қаланы жылумен қамтуға барын салған жұмысшыларға, ауыртпалыққа төзімділік танытқан қала тұрғындарына алғыс айтты.


Осы орайда Екібастұз қаласындағы төтенше жағдайдың салдарын жоюға белсенді  қатысқан 19 азаматқа Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес «Ерен еңбегі үшін» медалі табысталды. Олардың қатарында «Зуев» жеке кәсіпкерлігінің сантехнигі Владимир Кузнецов бар. Ол алғашқылардың бірі болып жылусыз қалған тұрғын үйлердің жертөлесінде жағдайды реттеу үшін жұмыс істеді.




«Тоғыз тәулік бойы ұйықтамау оңай болған жоқ. Құбырларды жылытып, үйді жылуға қайта қосып отырдық. Үйге таң ата үстіміз су болып оралатынбыз. Кей кездері үйімізге жеткенше ол мұз боп қатып қалатын. Тәулігіне ары кетсе бір сағат қана ұйықтадым. Себебі алаңсыз жататын уақыт болған жоқ. Қазір сол қиын кезең артта қалды. Шыны керек, оны еске алғым да келмейді», - дейді Владимир Кузнецов.



Сонымен қатар, 27 тұрғынға Президенттің Алғыс хаты табысталды. Ал төтенше жағдай кезінде жылусыз қалған тұрғындарды тегін ыстық тамақпен қамтып, қонақ үйден орын берген «Savoy» мейрамханасының директоры Шаттық Сүйінішева «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#екібастұз #төтенше жағдай #марапаттады
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.