AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Апатты көпірдің орнына жаңасы салынады

Апатты көпірдің орнына жаңасы салынады

Әлеумет 24.06.2024, 12:14 879
Апатты көпірдің орнына жаңасы салынады
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

50 жылдан астам уақыт бұрын «Кемел» шағын ауданындағы Есентай өзеннің бойына салынған апатты көпірді Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен есептік кездесу және жұмыс  сапары барысында қарап шықты, дп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жолымбет көшесінде орналасқан осы көпір бойынша барлық көліктердің қозғалысы оның ақаулы жағдайына байланысты осы жылдың мамыр айының соңында шектелген. Өткен ғасырдың 60-жылдарында салынған көпір құрылымы ешқашан жөнделмеген және жарамсыз болып қалған. Көпір тіректерінде қауіпті жарықтар пайда болды, бетон конструкциялары жартылай бұзылды. Көпірді көзбен шолып тексеру барысында көпірге кіреберістерде үйінділердің, сондай-ақ көпірдің беткейлеріндегі топырақтың шөгуі анықталды.

Қала басшысына қалалық мобилділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаевтың айтуынша, көпірді техникалық тексеру деформациялық тігістің жоқтығын да анықтады. Мұның бәрі құрылымның жүк көтергіштігіне және оның беріктігіне теріс әсер етеді. Демек, көпірді жөндеу мүмкін емес. Сондықтан жаңасын салу қажет.

Жаңа көпірдің жобасы қадалар негізі бар бір аралықты құрылысты, сондай-ақ көпірге кіреберістердің жүріс бөлігін қайта құруды көздейді. Жаңа құрылым ескіден әлдеқайда үлкен болады. Сонымен, егер апаттық көпірдің ұзындығы 16,8 метр, ені 8,5 метр және тіректердің биіктігі 7 метр болса, онда жаңа көпірдің ұзындығы 24 метр, ені 13,5 метр, биіктігі 9 метр болады. Бұл көпірден өтуді жолмен бір деңгейде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жаяу жүргіншілердің жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Ерболат Досаев екі жақтан да тротуарларды жайластыруды, сондай – ақ көпір «Кемел», «Көкжиек» шағын аудандары мен «Қоянқұс», «Ынтымақ», Жаңадәуір, Жаңаталап поселкелері тұрғындары үшін көлік байланысын қамтамасыз ететіндігін ескеріп, қысқа мерзімде жұмыстар жүргізуді тапсырды.

«Бұл әлеуметтік маңызы бар нысан, көпір арқылы бірнеше автобус маршруттары, соның ішінде мектеп маршруттары өтеді, сондықтан барынша қысқа мерзімде жол  қозғалысының  қамтамасыз ету керек. Қажетті қаражат бөлінетін болады, қозғалыс осы жылдың қазан айында ашылуы тиіс. Көпір ондаған жылдар бойы адамдарға қызмет ететіндей сапалы болғаны жөн», - деп атап өтті Ерболат Досаев.

Қазіргі уақытта жаңа көпір салу бойынша жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін автокөлік иелері аталған учаскені Мұхамеджан Сералин көшесі арқылы айналып өте алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #апатты көпірлер #жаңасын салу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

Кеше 19:45

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

Кеше 19:15

Мемлекет басшысы АӨСШК VII саммитінде сөз сөйледі

Кеше 18:03

Алматыда жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары күшейтіліп жатыр

Кеше 16:54

Алматыда инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері талқыланды

Кеше 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);