Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / АӨСШК төрағалығы Қазақстаннан Әзербайжанға өтеді

АӨСШК төрағалығы Қазақстаннан Әзербайжанға өтеді

Әлеумет 19.04.2024, 13:42 1,016
АӨСШК төрағалығы Қазақстаннан Әзербайжанға өтеді

2024 жылғы 18 сәуірде Қазақстанның Әзербайжандағы Елшілігінде АӨСШК қызметінің негізгі бағыттары және Әзербайжанның осы ұйымға алдағы төрағалығы туралы жетекші әзербайжан БАҚ өкілдері үшін брифинг өтті.


Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел Қазақстан мен Әзербайжан жемісті екіжақты ынтымақтастықпен қатар АӨСШК сияқты көпжақты алаңдарда да табысты өзара іс-қимыл жүзеге асыруда екенін атап өтті. Дипломат 2020-2024 жылдардағы ұйымның төрағасы ретінде Қазақстан тарапының төрағалықтың жақын арада бауырлас Әзербайжанға өтетініне деген ерекше қанағаттанушылығына назар аударды.


АӨСШК Бас хатшысы Қайрат Сарыбай өз сөзінде оның Бакуға сапарының мақсаты Әзербайжанның 2024-2026 жылдарға жоспарланған АӨСШК төрағалығы бойынша консультациялар өткізу екендігін хабарлады. Сапар аясында ол Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен, Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен келіссөздер жүргізіп, Әзербайжанның басқа да бірқатар лауазымды тұлғаларымен кездесті. Президент И.Әлиев Әзербайжанның қосылмау қозғалысы төрағалығындағы табысты тәжірибесін АӨСШК қызметін үйлестіруде пайдаланатынын атап өткен.


Баспасөз конференциясы барысында Қ.Сарыбай АӨСШК қызметінің негізгі өлшемдері мәдени-гуманитарлық, сауда-экономикалық, экологиялық, әскери-саяси, азаматтық-құқықтық салалар екендігін айтты. Бас хатшы АӨСШК шеңберінде Қазақстанның басым міндеттерін іске асыруға бағытталған соңғы қадамдар туралы ақпарат берді. Олардың бірі – АӨСШК аясында Тұрақты өзара байланыс жөніндегі кеңес құру туралы бастама. Осы тұрғыда ол тұрақты логистикалық инфрақұрылым мен өңірлік көлік бағыттарын құру, жасыл көлік технологияларын дамыту, климаттың өзгеруіне қарсы күрес, сондай-ақ Каспий теңізінің экологиялық проблемаларын шешу мәселелерінде ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.


Әзербайжанның ұйымға алдағы төрағалығына ерекше назар аудара отырып, Қ.Сарыбай Әзербайжанның жанжалдан кейінгі қалпына келтіру мәселесіндегі тәжірибесіне ерекше назар аударды. «АӨСШК тіпті бір-бірімен дипломатиялық қарым-қатынасы жоқ елдерді біріктіріп, осылайша жақсы диалог алаңы болып отыр. Әзербайжанның алдағы төрағалығы АӨСШК дамуына өз үлесін қосады деп сенемін», – деп айтты Бас хатшы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Referendum2026: Әлеуметтік желіде жаңа Конституцияны қолдағандар саны 88 мыңнан асты

Бүгін 17:01

Михаил Шайдоровтың тарихи костюмі Олимпиада мұражайына қойылды

Бүгін 16:15

Франсис Пуленктің «Адам дауысы» монооперасы тұңғыш рет қазақ тілінде сахналанды

Бүгін 15:42

Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Бүгін 15:18

Кунг-фу панда бейнесі: Джеки Чан Шайдоровтың өнеріне сүйсінді

Бүгін 14:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі