AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Антиқоғамдық әрекеттер жасалған: Алматыда түнгі кл...

Антиқоғамдық әрекеттер жасалған: Алматыда түнгі клуб жабылды

Барлығы 18.02.2026, 17:42 286 Дина
Антиқоғамдық әрекеттер жасалған: Алматыда түнгі клуб жабылды
фото: видео скрині

Алматыда полиция кәмелетке толмаған жасөспірімді антиқоғамдық әрекеттерге тарту дерегі анықталған түнгі клубтың жұмысын тоқтатты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, тексеру шаралары мен түскен материалдарды талдау барысында жасөспірімнің түнгі мекемеде болғаны расталған. Сондай-ақ оның құқыққа қайшы әрекетке тартылғаны тіркелген.

Құқық қорғау органдары бұл эпизод бойынша қажетті материалдар мен дәлелдер жиналғанын, соның негізінде қатаң шаралар қабылданғанын, оның ішінде клуб қызметін тоқтату туралы шешім шығарылғанын айтты.

Алматы полициясы қосымша түрде клубта кәмелетке толмағандарға бірнеше рет алкоголь берілгенін нақтылады. Ведомство дерегінше, персонал келушілердің жасын тексеру бойынша шара қолданбаған және спирттік ішімдікті сату кезінде тиісті сақтық танытпаған.

«Кәмелетке толмағандарды антиқоғамдық әрекеттерге тартудың кез келген фактісі, әсіресе түнгі ойын-сауық орындарында, біз үшін заңды өрескел бұзу болып саналады. Мұнда формалды көзқарасқа да, ескертуге де орын жоқ. Егер бизнес заң талабын елемей, балалардың қауіпсіздігін қатерге тіксе ол жабылады», — деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы барлардың бірінен полиция күшті әсер ететін заттарды заңсыз сату дерегін анықтаған еді. Мекемеде «күлдіргі газ» атанатын азот тотығы сақталған металл баллондарға арналған арнайы жабдықталған орын табылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Түнгі клуб
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22

Халықаралық рейтингте Қазақстан биыл көшуге ең қолайлы ТМД елі деп танылды

Бүгін 08:58

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);