AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Антикор жер қатынастары саласындағы жүйелік пробле...

Антикор жер қатынастары саласындағы жүйелік проблемаларды анықтады

Әлеумет 06.03.2023, 06:58 1,088 Almaty-akshamy.kz. 
Антикор жер қатынастары саласындағы жүйелік проблемаларды анықтады
Сурет: ашық дереккөз

Регламенттің болмауы әкімдіктің лауазымды адамдары мен жерді жалға алушылар арасында жемқорлық әрекеттерін туғызады.


«Бизнес жол» жобасы іске асырыла бастағалы бері жерді жалға алу мәселелерінде 70 жуық кәсіпкердің құқықтары қорғалды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, ведомство ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетімен бірлесіп, жер қатынастары саласына талдау жүргізген.


Белгілі болғандай, ШОБ субъектілерінің айтуынша, олар жер учаскелерін жалдау мерзімін ұзарту кезінде тұрақты түрде кедергілер мен негізсіз бас тартуларға тап болған.



«Жергілікті атқарушы органдар Жер кодексінің нормаларын өздігінше түсіндіріп және уақыт созып, жер комиссияларының қарауына жалдау мерзімін ұзарту туралы өтініштер жолдаған. Жер кодексінің 12-бабына сәйкес комиссияның мұндай өкілеттіктері жоқ», - делінген Антикор хабарламасында.



Тағы бір маңызды мәселе – мерзімдерінің аяқталуына байланысты жалдау мерзімін ұзартудан бас тарту.



«Әкімдіктер мұндай тәжірибені жалға алушылардың жаңа мерзімге жер пайдалану шартын жасасу ниеті туралы уақтылы хабарлау жөніндегі міндеттерді бұзуымен түсіндіреді. Сонымен қатар жалдау мерзімі аяқталған жағдайда, өз міндеттерін тиісінше орындаған уақытша өтеулі жер пайдаланушының басқа адамдар алдында жаңа мерзімге шарт жасасуға басым құқығы бар (ЖК 37-бабының 2-тармағы). Бұл жағдайда адал жалға алушы комиссия жасамай-ақ шарттың мерзімін ұзартуға құқылы. Сондай-ақ заңнамамен реттелмеген жаңа мерзімге жалдау шартын жасау жасырын мемлекеттік қызметі анықталды», - делінген хабарламада.



Қазіргі уақытта регламенттің болмауы «бір терезе» қағидатын бұзып, әкімдіктің лауазымды адамдары мен жер учаскелерін жалға алушылар арасында жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал етеді.



«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынымдары бойынша мұндай заңсыз тәжірибе Алматы қаласында, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында және Жетісу облысында тоқтатылды. Сондай-ақ ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті жергілікті атқарушы органдардың атына уақтылы хабарламауға байланысты жер учаскелеріне жалға беруді ұзартудан бас тарту тәжірибесін болдырмайтын нақты түсініктемелер жолдады», - делінген хабарламада.



Аталған түсініктеме адал жер пайдаланушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуын жоюға, жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, сондай-ақ жер берудің бірыңғай тәжірибесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#антикор #Жер #проблема
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);