Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Аңшылар мен балықшылар қызықты ойын-сауық шаралары...

Аңшылар мен балықшылар қызықты ойын-сауық шараларын өткізді

Әлеумет 28.04.2023, 15:27 1,383
Аңшылар мен балықшылар қызықты ойын-сауық шараларын өткізді
Сурет: Қайрат Қонысбай

«KIOF» халықаралық аңшылық, балық аулау және белсенді демалыс көрмесі 27–30 сәуір аралығында «Атакент» көрме орталығында, №9 павильонда өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



Іс-шараны Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Қансонар» аңшылардың қоғамдық бірлестіктері мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің республикалық қауымдастығы, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, «Керуеншілер» қауымдастығы және «Central Asia Trade Exhibition» ЖШС-сы ұйымдастырды



«Аңшылық, балық аулау және белсенді демалыс көрмесі Қазақстанда 4-рет өтіп жатыр. Биыл 50-ден астам компания аң аулау, балық аулау және ашық ауада демалудың жаңа маусымына өз тауарларын ұсынуда. Көрмеде тек отандық компаниялар емес, Ресей және Қытай өкілдері де бар. Бұрын тек аңшылық және балық аулау көрмесі болса, осы жыл белсенді демалысқа байланысты өнімдерді қостық. Бұл сала елімізде дамып келе жатыр. Көрмеге барлық ниет білдірген азаматтар тіркеуден өтіп, қатыса алады», – деді шара ұйымдастырушысы Бауыржан Оспанов.




Айта кеткен жөн, көрменің әр күні павильон аумағында балық аулау ілмегін байлау, жорық сөмкесін дайындау, жабайы үйректердің түрін анықтау секілді қызықты ойын-сауық шаралары өткізілді.



– Көрменің бас ұйымдастырушысы – «Қансонар» аңшылардың қоғамдық бірлестігі. Оның құрылғанына 10 жыл болды. Біз аңшыларды оқытып, оларға куәлік береміз. Аңшылардың субъектілері бар, біз соларды тіркеп, жыл сайын квота береміз. Зоология институтының зерттеуіне сүйене отырып, қанша аң аулауға болатынын хабарлаймыз. Қоғамдық бірлестігіміз Экология және табиғи ресурстар министрлігімен тығыз байланыста жұмыс істейді», – деді «Қансонар» ҚБ бас директоры Мұрат Қабылбеков.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көрме #Аңшылық #балық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Президенті АҚШ-қа жұмыс сапарымен барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44

Алматыда Халықаралық журналистика бойынша қысқы мектеп өтіп жатыр

Бүгін 11:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.