Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Аналар шаршамайды...

Аналар шаршамайды...

Әлеумет 02.09.2024, 16:57 1,335
Аналар шаршамайды...
Сурет ЖИ көмегімен салынды

Анам мен әкем теледидар көріп отырған-ды. Бір кезде анам:
– Бүгін қатты шаршаппын, кеттім, ұйықтайын, уақыт та біраз болыпты ғой, – деді.
Жолай асүйге кіре кетіп, фасольді суға жібітіп қойды, тоңазытқыштан ет шығарды, ертеңге. Таңғы асқа мюсли жете ме, жетпей ме, соны қарады, конфеткаға қант септі. Сулы шүберектерді жіпке ілді де, түймесі түсіп қалған киімнің түймесін қадауға отырды.

Бөлмеде шашылып қалған ойыншықтарды жинап алды, ұялы телефонды қуат көзіне қосты, гүлдерге су құйды, мусор шелектің целлофан пакетін ауыстырды, жиырылып қалған сүлгіні жолай жөндей кетті. Терең тыныс алды да, жатын бөлмені бетке алды.

Кенет мұғалімге хабарлама жазу керектігі есіне түсе кетіп, бір сәт аялдады, сосын баланың ертең экскурсияға баратын жолына ақша шығарды. Қолына кітап іле кетті. Сосын беті-қолын жуып, тісін тазалап, бетіне крем жақты.

– Сен ұйықтауға кетпеп пе едің? – деп айқайлады зал жақтан әкем.

– Иә, иә, міне, кетіп барам, – деген анам иттің итаяғына су құйды. Үйдің сыртқы есігін кілттеді де, дәліздің жарығын өшірді. 

Балалардың бөлмесіне бас сұқты, қосулы қалған теледидар мен жарықты өшіріп, кішкентайлардың аяқ астында жатқан жейде, шұлықтарын жинап алып, кір киімдер кәрзеңкесіне апарып салды. Әлі де сабақ қарап отырған тұңғышымен тілдесті. Жатын бөлмеге жеткенше сағатты қойды ертеңге, ауызғы бөлмедегі аяқ киімдерді ретке келтіре салды, ертең шұғыл атқарылуы тиіс шаруалар тізімі жазылған тілдей қағазға тағы үшеуін қосты. Осы кезде әкем теледидарды өшіріп:

– Мен кеттім ұйықтауға, – деді. Шынымен де әкем жатын бөлмесіне кіріп кетті.

Негізі, бұл жерде таңғаларлық ештеңе жоқ. Бірақ әйелдер неліктен ұзағырақ өмір сүреді? Себебі, олар уақыттан бұрын кете алмайды: жұмысы тым көп...

Аударған Нұржамал ӘЛІШЕВА

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ана #бала #отбасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.