AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Әміре Қашаубаевтың зираты жаңартылды

Әміре Қашаубаевтың зираты жаңартылды

Мәдениет 08.11.2021, 03:16 1,363 Almaty-akshamy
Әміре Қашаубаевтың зираты жаңартылды
Cурет: Inform.kz

Қазақ елін шетелге танытқан тұңғыш әнші


Алматыда қазақтың әйгілі әншісі Әміре Қашаубаевтың зираты жаңартылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Әміре Қашаубаевтың зиратын жаңарту туралы бастама көтерген Шығыс Қазақстан облыстық Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияның директоры Айбек Бекбосынов.



«Біздің филармониямыз Әміре Қашаубаев атында болғандықтан әнші атамыздың зиратының қазіргі жағдайын көргім келді. Осы мақсатпен Алматыға арнайы ұшып келдім. Әміренің зираты Алматыдағы орталық зиратта орналасқан екен. Зиратын көріп, оны жөндеп, жаңарту қажет екеніне көзім жетті. Содан өзім танитын Семейдегі кәсіпкер жігіттерге хабарласып, зиратты жөндеу туралы өз ойымды айттым. Олар қолдау білдіріп, осылайша Әміре атамыздың зираты жаңартылды. Әрине айта кетейік, Әміре – ол тек Семей ғана емес, ол бар қазақтың Әміресі», - деді облыстық филармонияның директоры.



Әйгілі әншінің жаңартылған зиратының басына Ұлықбек Есдәулет, Тұрсын Жұртбай, Роза Рымбаева Секен Тұрысбеков секілді белгілі әдебиет, өнер, мәдениет қайраткерлері жиналып, құран бағыштап, әйгілі әншінің аруағына тағзым етті.


Айта кетейік, Алматының орталық зиратына Әліби Жангелдин, Иса Байзақов, Дина Нұрпейісова, Мұхтар Әуезов, Әміре Қашаубаев, Ермұхан Бекмаханов, Ахмет Жұбанов, Қалибек Қуанышбаев, Күләш Байсейітова, Қаныш Сәтбаев, Шәкен Айманов, Мұқан Төлебаев, Қапан Мусин сынды белгілі тұлғалары жерленген.


Еске салсақ, Әміре Қашаубаев шет елде өнер көрсетіп қазақ елін танытқан тұңғыш әнші болды. Германияның Майндағы Франкфурт қаласындағы концертке қатысып, қазақтың халық әндерін тағы да әлемге паш етті. Әміре Қашаубаевтың әндері дүние жүзі мәдениетінің ірі өкілдері Ромен Роллан, Анри Барбюс тағы басқалар тарапынан жоғары баға алған. А.В. Затаевич дара таланттың «Балқадиша», «Дударай», «Бес қарагер», «Көк көбелек» тағы да басқа әндерін жазып алған.


Оның әншілік өнерін, өнердің парқын терең түсінетін мамандар А.В.Луначарский, Г.Любимовтер және қазақ әдебиеті мен өнерінің көрнекті өкілдері М.Әуезов, С.Сейфуллин, И.Байзақов, Ә.Марғұлан, Ж.Елебеков, А.Жұбанов, Қ.Жандарбековтер жоғары бағалаған.
Әміре Қашаубаев жөнінде бірнеше зерттеулер, көркем шығармалар жарық көрген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әміре Қашаубаев #әнші #Зират
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);