AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «AMANAT» партиясының мүшелері: Қазақстан жастары е...

«AMANAT» партиясының мүшелері: Қазақстан жастары еліміздің басты қозғаушы саяси күшіне айналуда

Әлеумет 20.05.2022, 13:19 1,471
«AMANAT» партиясының мүшелері: Қазақстан жастары еліміздің басты қозғаушы саяси күшіне айналуда
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Конституция – кез келген мемлекеттің іргетасы


Бұл туралы еліміздің жас мәжілісмендері – «AMANAT» фракциясының мүшелері  Елнұр Бейсенбаев пен Мәди Ахметов Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының ұжымы мен студенттерімен кездесуде бөлісті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



«Қазір еліміздің барлық өңірлері мен елді мекендерінде мемлекетіміздің басты құжатына түзетулер енгізуге қатысты ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Алматы тұрғындарымен кездесулердің алғашқы толқынын аяқтай отырып, біз жас алматылықтар арасында өтетін референдумға деген жоғары қызығушылыққа назар аудардық. Себебі кездесулерде көптеген өткір тақырыптар көтеріліп, студенттер сұрақтар қойып, өз пікірлерін ашық білдірді. Ел Президенті ұсынған негізгі реформалар олардың қоғамдық-саяси болашағына деген сенімін нығайтуда»,- деді депутат Мәди Ахметов.




Конституцияға енгізілген 33 түзетудің әрқайсысына қысқаша шолу жасай отырып, партияның республикалық штабының мүшелері олардың біреуіне жеке тоқталды. Мысалы, Мәжіліс пен облыстық мәслихаттардың депутаттарын сайлаудың мажоритарлық-үйлесімді моделі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша барлық жастағы, бұл ретте өздерін қандай да бір партиямен байланыстырмайтын белсенді азаматтарға жол ашатын болады.


Өз кезегінде партия мүшелері әрбір қазақстандықтың алдында маңызды шешім қабылдау міндеті тұрғанын атап өтті.




«Конституция – кез келген мемлекеттің іргетасы. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев негізгі міндет қойды – елімізді әлемнің бірқатар дамыған мемлекеттердің қатарына шығару. Қазіргі қоғамда өзгерістер үлкен сұранысқа ие. Референдум өтетін күнге дейін аз ғана уақыт қалды. Әрбір азамат ел дамуының жаңа кезеңін қалыптастыруға қатысып, үлесін қосуға мүмкіндік туды»,-деп түйіндеді мәжілісмен Елнұр Бейсенбаев.



Кездесуді қорытындылай келе, қатысушылар конституциялық түзетулер жобасы бойынша ел тұрғындарының жалпыға бірдей дауыс беруі – қазақстандықтардың бірлігінің және демократиялық қағидаттарды табанды ұстануының көрнекі үлгісі болады деген ортақ пікірге келді. 5 маусымда өткізілетін референдум сайлау жасына жеткен әрбір азаматқа елдің болашағын айқындайтын тарихи оқиғаға тікелей қатысуға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#«AMANAT» #Конституция #референдум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);