Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / AMANAT депутаттары үкіметке талап қойды!

AMANAT депутаттары үкіметке талап қойды!

Әлеумет 11.12.2024, 11:33 912
AMANAT депутаттары үкіметке талап қойды!
Сурет ЖИ

AMANAT депутаттары жабық есік жағдайында уақыт белдеуі мәселесін талқылап, үкіметке талап қойды. AMANAT партиясының Мәжілістегі фракция жетекшісі Елнұр Бейсенбаев уақыт белдеуіне қатысты жабық форматта өткен жиынның себебін түсіндірді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Депутаттар жиыны туралы ақпарат партияның Telegram-арнасында тек кешкі сағат 22:00-де пайда болды. Мәлімдемеде үкіметке 2025 жылдың наурызына дейін уақыт белдеуін зерттеуді аяқтау міндеттелгені айтылды. Жиында сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев, денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова және ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек те болды.

AMANAT төрағасы Ерлан Қошанов зерттеудің үш ай ішінде аяқталуы тиіс екенін кесіп айтты:

"Біз үкіметтен азаматтардың денсаулығына, жайлы өміріне әсер ететін нақты жауап күтеміз. Үш жыл — тым ұзақ. Наурызда зерттеу нәтижелері мен нақты ұсыныстар күтеміз," — деді ол.

Елнұр Бейсенбаев зерттеудің қанша қаражатты қажет ететіні туралы нақты жауап бере алмады:

"Біз шығын мөлшерін білмейміз. Бірақ бұл ақша бұрыннан бөлінген. Әр теңгеге есеп беріледі деп сенемін," — деді ол.

Көпшілік назарын аудартқан мәселенің жабық талқылануы да сұрақ тудырды. Бұл сұраққа Бейсенбаев былай жауап берді:

"Бұл фракцияның жұмыс отырысы. Кейде журналистерді шақырамыз, кейде шақырмаймыз."

Бейсенбаев партияның уақыт белдеуін өзгертуді қолдамайтынын нақтылады:

"Біз қыркүйекте үкіметке өз ұстанымымызды айттық. Бұл шешім жеткілікті сараланбаған. 10 миллионнан астам қазақстандық қарсы екенін білдірді. Біз халықтың пікірін құрметтейміз."

Журналистер "халықтың пікірін үкіметке қарағанда жоғары қою керек" дегенде, Бейсенбаев халықтың мүддесін қорғайтынын жеткізді:

"AMANAT халықтың уақытты кері қайтару талабын қолдайды. Бізге мыңдаған хат келіп жатыр. Халықтың қалауын фракция отырысында толық жеткіздік," — деп қорытындылады ол.

Халықтың пікірі мен үкіметтің шешімі арасында қалыптасқан текетірес шиеленісіп тұр. Уақыт мәселесі бойынша түпкілікті шешім алдағы наурызда белгілі болмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#аманат #Уақыт #үкімет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.