ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / «Алтын сити» тұрғын үй кешеніндегі мәселелер Алмат...

«Алтын сити» тұрғын үй кешеніндегі мәселелер Алматы әкімінің тапсырмасымен шешілді

Алматы 10.10.2025, 15:52 381
«Алтын сити» тұрғын үй кешеніндегі мәселелер Алматы әкімінің тапсырмасымен шешілді
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Дархан Сатыбалдымен кездесуден кейін Түрксіб ауданында жылу мен кәріз жүйесі ретке келтірілді

Жаз соңында Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түрксіб ауданындағы «Алтын сити» тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен кездесіп, олар тұрмыстық қолайсыздықтарға байланысты бірқатар мәселе көтерілген еді, деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

«Кәріз жүйесі мен жылыту қазандықтарын ауыстыру мәселесі «Алтын сити» тұрғындарымен кездесуде әкімге айтылды», – деді басқарушы компанияның өкілі Арыстан Рысаев.

«Үйлердің бірінде кәріз құбырлары технологиялық талаптар сақталмай орнатылғандықтан, жертөле ағын сумен толып, лас иіс тұрғындарға айтарлықтай қолайсыздық тудырды. Бұл жағдай жөнінде әкімге хабарланып, Қалалық құрылыс басқармасы сараптама жүргізді. Қысқа мерзім ішінде ақаулар жойылып, кәріз жүйесі толық қалпына келтірілді. Барлығы 50 метрге жуық кәріз желісі ауыстырылды», – деді ол.

Сонымен қатар, жылыту жүйесіне де жөндеу жүргізілген.

«Қазандықтар мен сорғылар жөнделіп, су жұмсартқыш қондырғылар жаңартылды. Қазір 96 үйді жылытатын қосымша қазандықтың құрылысы жүріп жатыр. Оның басым бөлігі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Бүгінде отызға жуық үй толығымен қоныстанып, қалыпты жұмыс істеп тұр. Әкімнің тапсырмасымен тұрғын үй кешеніне кіреберіс жол да жөнделіп, жол төсемі тегістелді», – деп атап өтті Арыстан Рысаев.

«Алтын сити» тұрғыны Әйгерімнің айтуынша, Дархан Сатыбалдымен кездесуден кейін тұрғындардың жағдайы жақсарған.

«Бұрын ауламызда жағымсыз иіс болатын, қазір ол кетті. Мәселемізге бей-жай қарамай, оның шешілуіне ықпал еткені үшін қала әкіміне ризашылығымды білдіремін. Бұған дейін жол мен жылыту жүйесі бәріміз үшін басты түйткіл еді. Енді үйімізде тұрақты жылу бар, жағдайымыз айтарлықтай жақсарды», – деді тұрғын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.