ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Экономика / Алтын өндіру өнеркәсібінде 3400 адамды жұмыспен қа...

Алтын өндіру өнеркәсібінде 3400 адамды жұмыспен қамтитын 13 инвестициялық жоба жүзеге асырылады

Экономика 08.05.2025, 12:15 898
Алтын өндіру өнеркәсібінде 3400 адамды жұмыспен қамтитын 13 инвестициялық жоба жүзеге асырылады
gov.kz
Алдағы үш жылда Қазақстанның алтын өндіру саласында жалпы құны 780 миллиард теңгені құрайтын 13 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. «QazIndustry» АҚ Жобаларды іске асыруға мониторинг...

Алдағы үш жылда Қазақстанның алтын өндіру саласында жалпы құны 780 миллиард теңгені құрайтын 13 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. «QazIndustry» АҚ Жобаларды іске асыруға мониторинг жүргізу және талдау дирекциясы ақпараты бойынша аталмыш жобалар аясында 3400 жаңа жұмыс орны құрылатын болады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

2025-2028 жылдар аралығында жүзеге асатын жобалар аясында 20,6 миллион тонна кен өңделіп, 21 тонна Доре қорытпасы өндіріледі.

Саладағы айтарлықтай даму қарқыны Қазақстанның әлемдік қымбат металлдар нарығындағы орнын нығайта түсуге мүмкіндік береді. Алтын және басқа да бағалы металл бар ірі кен орындарын қамтитын бай шикізат базасының болуы республиканың алтын өңдеу саласындағы жобаларды іске асыру мақсатында республиканың инвестициялық тартымдылығын арттырады.

Жалпы, соңғы он жылда елде кен байыту комбинаттарын салу, жаңғырту және кеңейту бағытында 19 жоба іске асырылды. Олардың жылдық кен өңдеу қуаты – 27,2 млн тонна, бұл шамамен 29,1 тонна Доре қорытпасын өндіруге мүмкіндік берсе, бұл жобалардың жалпы құны 420,3 миллиард теңгені құрайды. Салынған инвестиция көлемі шамамен 460 млрд теңге болып, 4400 жаңа жұмыс орны ашылды.

Іске асқан жобалардағы инвестициялардың басым бөлігі алтын өндіру фабрикаларын салуға бағытталған. Соның ішінде Ақмола облысындағы «Райгородок» кен орнында жылына 5 млн тонна кен өңдейтін кешен («RG Gold» және «RG Processing» ЖШС), сондай-ақ Абай облысындағы «Бақыршық» кен орнында жылына 2 млн тонна кен өңдейтін өндіріс («Бақыршық тау-кен кәсіпорны» ЖШС) бар.

Жобалардың басым көпшілігі Ақмола және Қарағанды облыстарында шоғырланған. Ал инвестиция көлемі бойынша Павлодар (27,7%) және Ақмола (18,8%) облыстары алда келеді.

Қазақстандағы алтын өндіру саласындағы инвестициялық жобалар тұрақты дамып келеді және стратегиялық маңызға ие. Жоғары технологиялы өндірістердің өсуі, халықаралық әріптестік және мемлекеттік қолдау саланың әрі қарай дамуына және оны жаһандық нарыққа шығаруға берік негіз қалайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.