ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / «Алтын микрофон» иелері анықталды

«Алтын микрофон» иелері анықталды

Мәдениет 13.12.2021, 04:32 1,565
«Алтын микрофон» иелері анықталды
Сурет: Egemen.kz
«Алтын микрофон» фестивалі - таланттарды шыңдаған өнер бәйгесі

«Алтын микрофон» фестивалі - таланттарды шыңдаған өнер бәйгесі


Байқаудың шешуші кезеңінде еліміздің әр өңірінен және алыс-жақын шет елдерден келген жас әншілер өнер көрсетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Белгілі әнші Бейбіт Сей­долла­ұлы төрағалық еткен қа­зылар алқасының құра­мында Армения, Болгария, Қыр­­ғыз­стан, Белоруссия, Украина мем­­лекеттерінің бі­лікті ма­ман­дары болды. Олар­дың әрқайсысы өздерімен бірге енді қалыптасып келе жат­қан ең дарынды деген таң­даулы бір-екі әншіден ерте келіп, Тобыл өңіріндегі өнер байқауына қосты. Биылғы «Алтын микро­фонның» деңгейі жоғары болды. 


Ке­зінде «Славян базарында» топ жарған Ернар Садырбаев осы байқаудан өсіп шыққан. Бүгінгі Абай атындағы мем­лекеттік ака­демиялық опера және балет театрының белді солисі Балуан Беркенов те - осы «Алтын микрофон» фестивалінен өсіп шыққан әнші.


Байқаудың бастапқы ке­зеңдері онлайн түрде өтті. Фи­налдық бәсекеге осы ірік­теуден өтіп, жүзден жүйрік шық­қан 41 өнерпаз қатысты. Олар жас ерекшеліктеріне қа­рай кіші, орта, ересек және кәсіпқой топ­қа бөлініп, әрқай­сысы екі-екі әннен орындап шық­ты.


Фестиваль жеңімпаздары қазылар алқасының қалауы бойынша анықталды. 7-10 жас аралығындағы балғындар ішінен Алсу Ұлтуғанова бі­рінші орынды жеңіп алды. Ал 11-13 жас аралығындағы қаты­сушылар арасынан қоста­найлық Ясмина Аюпова, 14-17 жас аралығындағы өнер­паздардың ішінен Дария Мат­веева үздік шықты.


«Кәсіпқойлар» тобы бо­йын­ша 1-орынды қостанайлық жас әнші Алмат Жаңабай жеңіп алды. 2-орынға түркия­лық Волкан Талшык лайық деп танылды. Ал Гран-При сый­лығын Нұр-Сұлтан қала­сынан келген жас дарын Аслан Амангелдиев жеңіп алды.


Биыл фестивальда Қазақ­станның еңбек сіңірген қай­раткері, көп жылдар бойы осы байқауға қазылық етіп, талай таланттың жолын ашқан ком­позитор Кеңес Дүйсекеев атындағы арнайы сыйлық тағайын­далды. Тұңғыш жүл­дені Қызылорда облысынан кел­ген тағы бір талантты жас өнер­паз Ералы Ескендір иеленді.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,254 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.