ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алтын мен қола: Алматы циркі халықаралық екі фести...

Алтын мен қола: Алматы циркі халықаралық екі фестивальде жеңіске жетті

Мәдени Алматы 15.09.2025, 17:18 753
Алтын мен қола: Алматы циркі халықаралық екі фестивальде жеңіске жетті
Өңірлік коммуникациялар қызметі
Қазақ мемлекеттік циркі Санкт-Петербург пен Мәскеуде өткен беделді халықаралық цирк фестивальдерінде қос бірдей жүлдеге ие болып, әлемдік аренада еліміздің атын абыроймен қорғады.

Қазақ мемлекеттік циркі Санкт-Петербург пен Мәскеуде өткен беделді халықаралық цирк фестивальдерінде қос бірдей жүлдеге ие болып, әлемдік аренада еліміздің атын абыроймен қорғады.

2025 жылғы 11–14 қыркүйек аралығында Санкт-Петербургтегі әйгілі Чинизелли цирк аренасында өткен «Без границ» IV Халықаралық цирк өнері фестиваліне 20 елден 170-тен астам әртіс қатысты.


⠀
Қазақстан атынан фестивальге қатысқан Қазақ мемлекеттік циркінің «Хассак» тобы (жетекшісі — Адлет Тиканов) өз өнерімен көрермен мен халықаралық қазылар алқасын тәнті етті.

Олардың қойылымы - 180 кг тартатын үш адамды маңдайымен көтеріп, көпірлі баспалдақпен алып өтетін эквилибр трюгі - көрермен мен қазылар алқасын таңғалдырған нағыз сенсацияға айналды. Бұл трюктің дүниежүзінде баламасы жоқ және ол Almaty Circus Festival-де ресми рекорд ретінде тіркелген.
Фестиваль қорытындысында «Хассак» тобы алтын жүлдені жеңіп алды.

Сонымен қатар, Қазақстан циркі үшін тағы бір мәртебелі оқиға - Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Мақсат Маратбекұлы аталмыш фестивальде халықаралық қазылар алқасының мүшесі ретінде шақырылып, еліміздің цирк өнерінің кәсіби өкілі ретінде бағаланды.

Сол күндері Мәскеуде, Цветной бульвардағы Никулин атындағы циркте, тағы бір маңызды шара — «АРТИСТ» III Халықаралық цирк фестивалі өтті. Оған әлемнің 18 елінен үздік өнерпаздар қатысты.

Қазақстан атынан Алматы циркінің әртісі Таисия Демидова өнер көрсетті. Оның есімі әлемдік сахналарда кеңінен танымал. Таисияның жетістіктерінің қатарында - Монте-Карлодағы халықаралық фестивальдің алтын медалі, «Идол» фестивалінің Гран-приі және басқа да беделді марапаттар бар.


⠀
Мәскеуде өткен фестивальде Таисия тағы да жоғары кәсіби деңгейін дәлелдеп, қола жүлдеге ие болды. Бұл жеңіс - оның отандық цирк өнеріндегі биік орнын тағы да айқындады.

Қазақ мемлекеттік циркі - еліміздің мәдени саласындағы беткеұстар ұжымдардың бірі. Цирк әртістерінің халықаралық байқаулардағы табысы - Қазақстан цирк өнерінің жоғары деңгейде дамып келе жатқанын, әрі қазақстандық цирк мектебінің әлем сахнасында лайықты орын алатынын дәлелдейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.