ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдени Алматы / «Алпамыс батыр» жыры - түркіге ортақ мұра 

«Алпамыс батыр» жыры - түркіге ортақ мұра 

Мәдени Алматы 17.10.2024, 12:47 1,506
«Алпамыс батыр» жыры -  түркіге ортақ мұра 
Суреттерді түсірген - Қ.Қоныспаев
Алматыда «Достық үйінде» ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық Комиссиясы, Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры, ҚР Бейзаттық мәдени мұра жөніндегі ұлттық комитеті және М.О.Әуезов...

Алматыда «Достық үйінде» ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық Комиссиясы, Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры, ҚР Бейзаттық мәдени мұра жөніндегі ұлттық комитеті және М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 2024 жылы 17-18 қазанда «Түркі халықтарының рухани мұрасы әлемдік өркениет аясында: «Алпамыс батыр» жыры» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтіп жатыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Конференция барысында «Алпамыс батыр» жырының қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі басылымы таныстырылды. Сонымен қатар Түркі халықтарына ортақ мұра ретінде осы жырды ЮНЕСКО көлемінде Материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізу жөніндегі мәселе талқыға түсті.

Алқалы жиынға Түркия, Әзербайжан, Ресей Федерациясы (Уфа, Қазан, Новосибирск), Қырғыз Республикасы, Өзбекстан елдерінің және Қазақстанның танымал эпостанушы фольклорист ғалымдары қатысып, төмендегі тақырыптар бойынша баяндама жасап бастады. Дәлірек:
●    «Алпамыс батыр» жырының ұлттық және әлемдік кеңістіктегі тарихи-мәдени және ғылыми маңызы;
●    Эпикалық туындылардағы әлемнің семиотикалық және тілдік бейнесі;
●    Эпикалық дәстүр және жыршылық өнер: өткені мен бүгіні;
●    «Алпамыс батыр» жырын зерттеудің пәнаралық түрлі аспектілері;
●    «Алпамыс батыр» жырының түркілік нұсқаларының ерекшеліктері;
●    Фольклорлық мұра және қазіргі заман.
Конференцияға қатысуға отандық және шетелдік ғалымдар, эпостанушылар, фольклортанушылар, тілтанушылар, әдебиеттанушылар, тарихшылар, өнертанушылар, философтар, мәдениеттанушылар, ЖОО оқытушылары шақырылды.

Конференция модераторы ҚР ҰҒА академигі, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Бас директоры Кенжехан Ісләмжанұлы өз сөзінде:

«Алпамыс батыр» жырын әлемдік дәрежеге көтеру қажет. Жалпы бұл жырларды кеңестік кезеңде әлемдік қауымдастық алдында таныту, тарату, зерттеу біздің алдымызға қойылмаған-тұғын.  Бүгінде ЮНЕСКО қатарына қосылғаннан кейін, рухани мұраларымызды әлемдік деңгейде  көтеріп өз орнымызды алуымыз керек. Бұл мәселелер төңірегінде істелетін жұмыстар жетерлік. Бұл жұмысымыздың бастауы деп есептейміз. Мұндай халықаралық жиындарды жүйелі түрде өткізген жөн, – деді.

Іс-шараның мән-мағынасы туралы ой-пікір айтылды. 

"Алматыда Түркі мәдениетіне байланысты өте керемет жиын басталды. Материалдық емес құндылықтарды зерттеп дәріптеу бойынша ең бір маңдай алды ғалымдар бас қосып отыр.  Іс-шара мақсаты – түркі мәдениетін қорғау, дүниеге насихаттау. Бұл игі бастама дүниежүзіне белгілі «Алпамыс батыр» жырынан бастау алады. Құнды рухани мұраларды дәріптей берген жөн", – деді Түркі Мәдениеті және мұрасы қоры басшысы Ақтоты Райымқұлова. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.