ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматының Түрксіб ауданында мектептер мен балабақш...

Алматының Түрксіб ауданында мектептер мен балабақшалардағы орын тапшылығы мәселесі қалай шешілуде

Білім және ғылым 04.12.2021, 05:04 2,679
Алматының Түрксіб ауданында мектептер мен балабақшалардағы орын тапшылығы мәселесі қалай шешілуде
Cурет: Қазбілім
Оқушы орындарының тапшылығы – 1 690

Оқушы орындарының тапшылығы – 1 690


Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мектепке дейінгі мекемелердің мәселесін шешуге уәде берді, сондай-ақ мектептер мен дәрігерлік амбулаториялар салу жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бақытжан Ақжаровтың айтуынша, ауданда 30 мектеп бар, олардың үшеуі ғана жеке меншік. Барлығы 33 442 оқушы, оқушы орындарының тапшылығы – 1 690.


Бұл мәселені шешу үшін № 170 мектепке 280 орынды қосымша құрылыс салынды. Биыл нысан пайдалануға берілді. Сонымен қатар,Сейфуллин даңғылы, 50 мекенжайда орналасқан 590 оқушыға арналған жеке қаржы лицейі салынды.


2022 жылдың қараша айында Қайрат шағын ауданында 1500 орынды үлкен мектеп салу жоспарлануда. Сонымен қатар, Сауранбаев көшесінде орналасқан № 59 мектеп-гимназиясының жаңа ғимаратының құрылысы жоспарланған.


Бақытжан Ақжаровтың айтуынша, мектепке дейінгі мекемелермен де мәселе шешіледі. Ауданда 96 балабақша жетіспейді, сондықтан Жас Қанат шағын ауданында 280 орынды балабақшаның құрылысы басталды. Ғимарат 2022 жылдың бірінші тоқсанында тапсырылады. Сондай-ақ 331 орынға 7 жекеменшік мектепке дейінгі балалар ұйымы ашылды. Жас Қанат-2 шағын ауданында 260 орындық тағы бір мемлекеттік балабақша салу жобасы әзірленуде.


Аудан әкімі 100 орынды №86 балабақша мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Алматы қалалық оңалту орталығының ғимараттарын жөндеу және сейсмикалық күшейту жұмыстары туралы да айтты.


Ауданда медициналық инфрақұрылымды кеңейту үшін келесі объектілердің құрылысына ЖСҚ әзірленуде: Қайрат шағын ауданында бір ауысымда 340 адам қабылдайтын емхана, Нұршашқан, Әлмерек, РВ-90 шағын аудандарында және Айбасов көшесінде дәрігерлік амбулаториялар. Олардың құрылысы 2022 жылға жоспарланған. №20 қалалық емхананың дәрігерлік амбулаториясының жалға алынған ғимаратын сатып алу мәселесі қарастырылуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.