AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматының Түрксіб ауданында Лавренев көшесінің бір...

Алматының Түрксіб ауданында Лавренев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс жартылай шектеледі

Барлығы 25.07.2025, 17:14 538 Дина
Алматының Түрксіб ауданында Лавренев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс жартылай шектеледі
Сурет: Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда 1965 жылғы құбырды ауыстыруға байланысты Лавренев көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Түрксіб ауданында жоспарлы жылу жүйелерін жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жұмыс аясында ұзындығы 4,1 шақырым болатын 1965 жылы пайдалануға берілген жылу құбырлары ауыстырылады.

Осыған байланысты 2025 жылғы 25 шілде күні сағат 23:00-ден бастап 28 шілде сағат 06:00-ге дейін Лавренев көшесінің бойымен Наманган көшесінен Майлин көшесіне дейінгі бөлігі көлік қозғалысы үшін уақытша жабылады. Қозғалыс екі бағытта да шектеледі.

Шектеулер жолдың астынан өтетін құбыр желісін қауіпсіз түрде ауыстыру мақсатында енгізіліп отыр. Жаңарту жұмыстары кезінде тұтынушыларға ыстық су беру тоқтатылмайды.

Бұл жылу желісі 42 көпқабатты тұрғын үйді, бір балабақшаны, бір емхананы және 4 нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді.

Жалпы, биыл қала бойынша 39 шақырым жылу құбырын жаңғырту жоспарланған. Бұл шаралар жылу желілерінің тозу деңгейін 54%-ға дейін төмендетеді. 

Айта кетейік, қозғалысқа қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталар» сервистерінде жарияланады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көше
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);