ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматының тәртіп сақшылары электр самокатқа көше б...

Алматының тәртіп сақшылары электр самокатқа көше бастады

Заң мен тəртіп 29.09.2023, 05:19 898
Алматының тәртіп сақшылары электр самокатқа көше бастады
Сурет: видеодан скриншот
Әзірге мобильді патрульдер сынақ түрінде қаланың Медеу ауданында ғана жұмыс істеп жүр.

Әзірге мобильді патрульдер сынақ түрінде қаланың Медеу ауданында ғана жұмыс істеп жүр.


Болашақта шаһардың барлық саябағын самокатпен патрульдейтін ұшқыр топтарды жасақтау жоспары бар. Қазір полиция қызметкерлері бірнеше жаяу жүргіншілер аумағындағы тәртіпті қадағалап, тұрғындарға электр көлігімен жүрудің ережесін түсіндіріп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Жаңа заң қолданысқа енген соң электр самокатын пайдаланушылар велосипед жолдарымен және жол жиегімен ешбір шектеусіз жүре алады. Ал жаяу жүргінші жолына түссеңіз жылдамдықты сағатына 6 шақырымнан асырмау қажет. Екі дөңгелікті көлікке мінген мобильді топтар әзірге Медеу ауданындағы Терренкур саябағындағы тәртіпті бақылауда. Полиция өкілдері бұл маңайды жаяу патрульдеу қиын болғанын айтады. Себебі, тәртіп бұзғандар желдей жүйткіп самокатпен ұстатпай кетеді екен.



«Басталғалы бері бізде күніне кезекшілікке үш қызметкер түседі. Үш қызметкер таңғы сағат 9-дан кешкі сағат 4-ке дейін жүреді. Әрине тәртіп бұзатындар өте көп. Әсіресе жастарымыз, студенттер. Соларға ескертіп жол шетімен жүру жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тәжірибе қар түскенге дейін жалғасады. Оң нәтиже берсе мұндай патрульдер қаланың барлық аудандарында жұмыс істейді»,  -дейді Медеу АПБ жергілікті полиция бастығы Әділбек Қазыбек.



Бұл бастаманы қала тұрғындарыда құптап отыр.



«Мұндай патрульдің жұмысын қолдаймын. Себебі машинамен жүріп саябақ, өзен жағасын бақылау қиын. Ал балалардың самокатты қатты тебетіні жасырын емес. Жастар қауіпсіздікке мән бермейді», - дейді қала тұрғыны Назарбаек Нәлібаев. 



 Тәртіп бұзған электр самокатын мінген азаматтарға 7 мың теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін. Әкімшілік кодекстің 615-бабымен осындай жауапкершілік көзделген. Егер өзге көлікпен соқтығысып немесе адам қақса самокат жүргізушісі бұдан 5 есе көп айыппұл төлейді. Жыл басынан бері Алматыда самокат мінгендердің қатысуымен 18 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Өкінішке орай біреуі адам өлімімен аяқталған. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,437 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,284 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.