AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолд...

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Барлығы 17.02.2026, 17:17 651
Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы штабының мүшелері «Алатау» дәстүрлі өнер театры ұжымымен кездесті.

Онда спикерлер конституциялық реформаның бағыт-бағдары және алдағы 15 наурызда өтетін Референдумның мән-маңызына тоқталды.

«Жаңа Конституция – бұл жай ғана заңдар жиынтығы емес, ол – мемлекетіміздің берік іргетасы, қоғам өмірінің негізгі бағытын айқындайтын басты құжат болмақ. Сондықтан ондағы әр бап, әр тармақ ел тағдырымен тығыз байланысты өрілген. Жаңа Конституцияда, әсіресе адами капиталға аса мән берілген. Яғни, бұл – сіз бен біздің жарқын өмірімізге кепіл болады деген сөз», – деді штаб мүшесі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қарагөз Сүлейменова.

Спикерлер сондай-ақ Референдум – әр азаматтың ел дамуына өз көзқарасын білдіру құқығы екенін айта келе, өнер ұжымын белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырды. 

«Әр дауыс – ел болашағына қосылған үлес. Бүгін қабылданған шешім ертеңгі жарқын өміріміздің бағдаршамы десек қателеспейміз. Сондықтан Референдумнан қалыс қалмайық. Еліміздің дамуы мен тұрақтылығы – бәрімізге ортақ құндылық», – деді штаб мүшесі, «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Болат Құрымбаев.

Ал өз кезегінде «Алатау» театры ұжымы атынан сөз сөйлеген өнер өкілдері конституциялық реформаны қолдайтындарын білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #өнер ұжымы #конституциялық реформа #қолдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11

Сәрсенбі күнгі ауа райы мәліметі

Бүгін 09:05

Президент тапсырмасына сәйкес автожол саласын реформалау жөніндегі үкіметтік жұмыс тобы құрылды

Бүгін 08:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);