AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының Наурызбай ауданында 1200 орындық жаңа ме...

Алматының Наурызбай ауданында 1200 орындық жаңа мектеп пен тағы үш әлеуметтік нысан салынады

Алматы 13.04.2026, 12:19 222 Сұлу
Алматының Наурызбай ауданында 1200 орындық жаңа мектеп пен тағы үш әлеуметтік нысан салынады
depositphotos.com

Халықтың саны артып бара жатқандықтан, Наурызбай ауданында әлеуметтік инфрақұрылымды кеңейту жұмысы қарқын алды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Назира Тоғызбаева айтты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

2025 жылы ауданда 5 500 орындық үш мектеп пайдалануға берілді. Биыл «Әлем Сити» тұрғын үй кешенінде 1200 орындық жаңа мектеп ашылды. Сонымен қатар, «Алма Сити-3» кешенінде тағы бір мектеп пен №174 мектепке 375 орындық қосымша ғимаратты іске қосу жоспарланып отыр.

Мектепке дейінгі инфрақұрылым да дамып келеді. Қазір ауданда 168 балабақша жұмыс істейді (оның ішінде 6-уы мемлекеттік, 162-сі жекеменшік), онда шамамен 10 мың бала бар. Жылдың соңына дейін 320 және 240 орындық тағы үш балабақшаны салып бітірмекші.

Шұғыла мен Құрамыс шағынауданында ауысымына 500 адамға арналған екі емхана салынып жатыр. Ақжар шағынауданында 200 адамға арналған отбасылық амбулаторияның құрылысы жақын арада басталады.

Ауданда спорттық инфрақұрылымды дамыту да күшейтілуде. Сәуір айында Сәбденов көшесінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу басталады, тағы екі нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

Шұғыла шағынауданында 6 реттік өрт сөндіру депосының құрылысы жүргізіліп жатыр. Жоба аясында қызметтік нысанмен қатар, қызметкерлерге арналған 18 пәтерлі тұрғын үй мен спорт алаңы да қарастырылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Наурызбай ауданы #мектеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22

Халықаралық рейтингте Қазақстан биыл көшуге ең қолайлы ТМД елі деп танылды

Бүгін 08:58

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);