ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматының Наурызбай ауданы жағалау мен көшенің жар...

Алматының Наурызбай ауданы жағалау мен көшенің жарығын орнатып, ауданды абаттандырып жатыр

Алматы 13.11.2025, 12:00 373
Алматының Наурызбай ауданы жағалау мен көшенің жарығын орнатып, ауданды абаттандырып жатыр
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Наурызбай ауданының әкімі Назира Тоғызбаева осылай деп хабарлады.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Наурызбай ауданының әкімі Назира Тоғызбаева осылай деп хабарлады.

Аудан қолайлы қалалық орта қалыптастыруға барын салып жатыр. 2025 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында тұрғындар ұсынған 1 370 бастаманың ішінен 34 жоба іріктеліп алынып, оны жүзеге асыруға 2,5 млрд теңге бөлінген, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Қазір абаттандыруға арналған 16 жоба, қоғамдық кеңістік құратын 9 жоба мен аула аумақтарын жаңартуды көздейтін 6 жоба аяқталып қалған.   

Аяқталған бастаманың бірі – «Шұғыла» тұрғын үй кешеніндегі жаяу жүргіншілер аймағын абаттандыру. Мұнда балалардың ойын алаңы, демалыс аймақтары жасалып, жарықтандырып, автосуару жүйесі орнатылып,  көгалдандыру жұмыстары жасалды.

Сонымен қатар 47 аула жөнделіп, Райымбек, Досмұхамедов, Карьерная көшесі мен Қарғалы өзені бойында абаттандыру жұмысы жүргізіліп жатыр.

Тастыбұлақ өзенінің бойында ұзындығы 1,4 шақырым болатын жаяу жүргіншілер жағалауы салынып жатыр, оны 2026 жылдың қараша айында аяқтамақ. Сонымен қатар Тастыбұлақ пен Қарғалы өзенінің жағалауын бекіту жұмысы қатар қолға алынды. Келер жылы абаттандыру жұмыстары Абай даңғылы мен Қонаев, Алатау, Әшімов, Шаляпин көшесінде жалғасады. Бұл аумақтарға 552 сәндік шам мен жаңа көгалдандыру жүйесі орнатылады.

«Біз ауданның әр кварталы жайлы болып, жасыл-желекке оранып тұрғанын қалаймыз. Сондықтан абаттандыруды жүйелі түрде жүргізіп жатырмыз», - деді Назира Тоғызбаева.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.