ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматының Наурызбай ауданы әлеуметтік қолдауды күш...

Алматының Наурызбай ауданы әлеуметтік қолдауды күшейтіп, тұрғындарға жаңа мүмкіндіктер ашып беріп жатыр

Алматы 13.11.2025, 12:17 346
Алматының Наурызбай ауданы әлеуметтік қолдауды күшейтіп, тұрғындарға жаңа мүмкіндіктер ашып беріп жатыр
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Наурызбай ауданында соңғы он айда әлеуметтік қолдау мен жұмыспен қамту жағы еселеніп өсті.

Наурызбай ауданында соңғы он айда әлеуметтік қолдау мен жұмыспен қамту жағы еселеніп өсті.

11 мыңнан астам адам (2 800 отбасы) адрестік әлеуметтік көмек алып, 12 мыңнан астам адамға біржолғы төлемдер төленген, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Сонымен қатар, аз қамтылған отбасыларды қолдау, балалар мен инклюзивті бағдарламаларды дамыту, тұрғындарды жұмыспен қамту бойынша да көп жұмыс істеліп жатыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінде аудан әкімі Назира Тоғызбаева журналистерге осылай деп хабарлады.

Жергілікті бюджеттен ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қолдауға 60 млн теңге бөлініп, мүгедектігі барларға инновациялық арбалар мен жүріп-тұруға арналған құрылғылар алынды. Қазір жоспарланған 16 құралдың 13-і сатып алынған. Сонымен қатар, кохлеарлық импланттарға арналған қызметтерге 51 млн теңге жұмсалып, 8 адамға көмек көрсетілді. Жыл соңына дейін тағы 6 арба мен 6 кохлеарлық имплант сатып алу жоспарланып отыр.

«Кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасы аясында 3 700 тұрғын жұмыспен қамтылып, олардың ішінде әлеуметтік, жастар тәжірибесі, қоғамдық жұмыстар мен тұрақты жұмыс орындарына орналастырқандар да бар.

Әлеуметтік орталықтарда көпбалалы және аз қамтылған әйелдер тігін, косметология, компьютерлік сауаттылық сияқты мамандықтарды үйреніп, балалар шығармашылық пен тіл үйірмесіне қатысады. Қарт азаматтар «Белсенді ұзақ өмір орталығында» спортпен, бимен және шығармашылықпен айналысады. «TenQogam» орталығы мүмкіндігі шектеулі жандарға компьютерлік дағдыр, ағылшын тілі мен кәсіпкерлік негізін үйретеді.

«DamuBala» бағдарламасы аясында 4 мыңнан астам бала тегін үйірмелер мен спорт секцияларына қатысады, бағдарламаны бақылау мен қолдау мақсатында аудан әкімдігі есептік іс-шаралар өткізеді.

Аудан осылайша тұрғындарды әлеуметтік қорғау мен дамуға мүмкіндік жасап, білім мен жұмыспен қамту саласында кешенді қолдау көрсетіп отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.