Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының Медеу ауданында жедел жәрдем қосалқы ста...

Алматының Медеу ауданында жедел жәрдем қосалқы станциясы жаңартылды

Алматы Бүгін 09:15 29
Алматының Медеу ауданында жедел жәрдем қосалқы станциясы жаңартылды
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының Медеу ауданында 1974 жылы салынған №4 жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясына жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Қазіргі уақытта нысан пайдалануға беру рәсімінен өткізіліп жатыр. Бұл туралы Медеу ауданы әкімдігінің өкілдері айтты.

Жөндеу барысында ғимарат медициналық мекемелерге қойылатын заманауи талаптарға сай толық жаңартылды. Инженерлік желілер ауыстырылып, іші жаңғыртылды, қызметкерлердің тиімді жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалды. Медициналық бригадалар мен әкімшілік персоналға арналған бөлмелер қарастырылып, санитарлық автокөліктерді орналастыруға арналған жеке аймақ жабдықталды.

Қазіргі таңда қосалқы станцияда 150-ден астам қызметкер еңбек етеді.

Жүргізілген жаңғырту жұмыстары қолданыстағы жедел жәрдем станцияларына түсетін жүктемені азайтып, бригадалардың шақырту орнына жету уақытын қысқартуға және аудан тұрғындары үшін шұғыл медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Медеу ауданында барлығы 2 жедел жәрдем қосалқы станциясы жұмыс істейді.

Әлеуметтік және медициналық инфрақұрылымды дамыту Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық саясатының басым бағыттарының бірі болып қала береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жедел жәрдем #қосалқы станция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

95 млн теңге көлемінде алаяқтық жасаған Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды

Бүгін 10:57

«Бір айда – бір кітап»: «Кемел ұстаз құпиясы» кітабы талқыланды

Бүгін 10:33

Алматыда Қорғаныс министрі Голан жоталарына жіберілетін бітімгерлердің дайындығын тексерді

Бүгін 10:21

Қазақстанда үндістандық дәріні пайдалануға тыйым салынды

Бүгін 10:08

Қазақстан қысқы Олимпиадада үздік 20 елдің қатарына енді

Бүгін 09:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі