ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Медеу ауданында мектептердегі орын тапшы...

Алматының Медеу ауданында мектептердегі орын тапшылығы қысқаруда

Әлеумет 23.12.2021, 06:06 1,023
Алматының Медеу ауданында мектептердегі орын тапшылығы қысқаруда
seyminfo.ru
Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында осы мақсатта жасалып жатқан жұмыстар мен басқа да әлеуметтік нысандардың ашылуы...

Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында осы мақсатта жасалып жатқан жұмыстар мен басқа да әлеуметтік нысандардың ашылуы туралы айтып берді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz
 


Спикер атап өткендей, ауданда жалпы 33 079 оқушыны қамтитын 28 мемлекеттік және 19 жекеменшік мектеп жұмыс істейді. Бұл ретте тапшылық 4500 орынды құрайды.



 «Бұл мәселені шешу үшін 300 орынды қосымша құрылысы бар №48 мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілуде. Жұмысты 2022 жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз. Алатау шағын ауданындағы №7 мектептің сейсмикалық күшейтілуімен күрделі жөндеу аяқталды», - деді Әсет Масабаев.



Сондай-ақ, жеке инвесторлар есебінен жалпы 602 орынға арналған Prime School, Global Education және EPG Prometheus School сияқты 3 жекеменшік мектеп салынып, пайдалануға берілгені белгілі болды. Осы жобаларды іске асыру ауданның орталық бөлігінде оқушы орындарының тапшылығын 30%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.


Сонымен қатар, "Алатау" шағынауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жалғасуда. Жоспарда 5 жолға арналған жүзу бассейні, балалар бассейні, тренажер залы және теннис үстелдері қарастырылған.



Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының желісі де кеңеюде. Бүгінде ауданда 18 балабақша мен 82 жекеменшік балабақша бар. Тәрбиеленушілердің жалпы саны - 6001. 2021 жылдың басынан бері жеке инвесторлар есебінен 306 орынды 6 балабақша ашылды. Биыл №141 балабақшада күрделі жөндеу аяқталды. №114, 116 балабақшаларда қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобалық қуаттылықты әрбір балабақшада 50 орынға арттыруға мүмкіндік береді.
 
Сонымен қатар, Медеу ауданы әкімінің айтуынша, "Кеңсай" шағынауданында жалпы ауданы 166,8 шаршы метр болатын жаңа дәрігерлік амбулатория ашу жоспарланған. Бұл жобаны іске асыру "Кеңсай" массивінің ғана емес, "Сұлусай" шағынауданының тұрғындарын да қамтуға мүмкіндік береді. Ашудың жоспарлы мерзімі – 2022 жыл.



"Думан" шағынауданында бір ауысымда 200 адам қабылдайтын отбасылық-дәрігерлік амбулатория ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Құлжа тас жолының бойында ересектерге арналған 250 төсектік онкологиялық орталық және ЖИТС орталығының бөлімшесі бар хоспис салу жоспарланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.