AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / «Алматының жыл мұғалімі» байқауының Гран-при иегер...

«Алматының жыл мұғалімі» байқауының Гран-при иегеріне пәтер кілті тапсырылды

Білім және ғылым 12.10.2021, 13:32 1,598
«Алматының жыл мұғалімі» байқауының Гран-при иегеріне пәтер кілті тапсырылды
Almaty-akshamy.kz

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала педагогтары арасындағы байқау жеңімпаздарымен және мұғалімдерді қолдау мен кәсіби дамытуға бағытталған арнайы грант иегерлерімен кездесті


Қалалық «Алматының жыл мұғалімі» байқауының Гран-при иегері, №39 мамандандырылған лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Нұржігіт Аманов Alma City жаңа тұрғын үй кешенінен пәтерді сыйлыққа алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



Ал 1-орынды иеленген №10 гимназияның физика пәнінің мұғалімі Дарын Сайыновқа автомобиль берілді.


Екінші және үшінші орын алған №96 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Раиса Цой және №92 мамандандырылған лицейдің химия пәнінің мұғалімі Суннатулла Каумбаев ақшалай сыйақымен марапатталды.



Сонымен қатар, 10 үздік педагог, оның ішінде балабақша тәрбиешілері қала әкімінің гранттарымен атап өтілді. Республикалық «Үздік педагог» байқауы қалалық турының жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар берілді.



«Өз мамандығы бойынша үздіктерді анықтауға бағытталған шара дарынды мұғалімдерді қолдап, беделін арттырып, озық педагогикалық тәжірибені бөлісу мақсатында өткізіледі», -  деп атап өтті Б. Сағынтаев.



Мектепке жаңа келген жас мұғалімдер үшін осымен үшінші жыл қатарынан бір реттік материалдық көмек көрсетілуде. Ағымдағы жылы оны 33 млн теңгеден астам сомаға 566 жас маман алады.



Мұғалімдердің тұрғын үй жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөлінеді. «Алматы жастары 3.0» қалалық бағдарламасы бойынша өткен жылы білім беру саласының 307 қызметкері пәтер алды. Биыл 245 педагог жеңілдетілген несие беруді пайдаланды.




Кездесу соңында Алматы әкімі Б. Сағынтаев барлық педагогтар мен тәлімгерлерге игі еңбектеріне табыс тіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жыл #мұғалім #байқау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);