Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Жетісу ауданында тұрғын үйді жаңарту бағ...

Алматының Жетісу ауданында тұрғын үйді жаңарту бағдарламасы аясында 34 ескі үй сүрілді

Әлеумет 15.11.2024, 15:53 952
Алматының Жетісу ауданында тұрғын үйді жаңарту бағдарламасы аясында 34 ескі үй сүрілді
Алматы әкімдігі
Алматыда тұрғын үй қорының жаңартылуы «Тұрғын үйді реновациялау бағдарламасы» аясында жалғасуда.

Алматыда тұрғын үй қорының жаңартылуы «Тұрғын үйді реновациялау бағдарламасы» аясында жалғасуда.

Жетісу ауданында 2030 жылға дейін 135 үйді қамтитын жаңа реновациялау бағдарламасы бекітілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қазір ауданда 304 пәтерді қамтитын 34 ескі үй бұзылды. Келесі жылы 30 үйдің 280 пәтерінің иесін жаңа баспанаға көшіру жоспарланып отыр.

Мысалы, Қрылов, Скрябин, Гончаров көшелері мен Райымбек даңғылының аумағында инвестор 16 ескі үйдің орнына 944 пәтерден тұратын 11 үйдің құрылысын жүргізуде. 

Бұзылған үйлердің тұрғындары жаңа үйлерге көшірілді. Бүгінгі таңда 9 үй толық аяқталған, ал қалған 2 үй жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, Боткин, Казаков, Гончаров, Скрябин көшелері мен Райымбек даңғылының аумағында тағы бір компания 6 ескі үйдің орнына 576 пәтерден тұратын 11 үй салып жатыр. 

Бүгінде бірінші кезектегі 3 үй пайдалануға беріліп, бұзылған үйлердің тұрғындары сол жерге көшірілді. Қалған 8 үйдің құрылысы жалғасуда.

Бағдарлама аясында жаңа үйге көшкен тұрғындардың бірінің айтуынша, олардың отбасы ескі, сейсмикалық қауіпті үйдің орнына заманауи тұрғын үй кешеніне көшкен.

«Біз жөнделіп, дайындалған, алаңы бірдей жаңа пәтер алдық. Үйдің құрылысы кезінде бізге уақытша баспана тегін берілді. Мұндай бағдарламалар өте маңызды, себебі әркімнің жаңа тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алуға мүмкіндігі жоқ, әсіресе ескі үйдегі жылжымайтын мүлікті сату қиын», – деді Фарида Ишмеметова.

Айта кету керек, тұрғындарды ескі үйлерден жайлы пәтерлерге көшіруді жеделдету мақсатында Алматы әкімдігі 2030 жылға дейінгі реновациялау бағдарламасын әзірледі.

Бағдарлама аясында сейсмикалық тұрақсыз, пайдалану мерзімі өткен және өмірге қауіп төндіретін үйлерді бұзылады. Олардың орнына заманауи тұрғын үй кешендері салынады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,465 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,271 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,358 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,995 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,192 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.