ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Ерте араласу орталығында өткен арт-терап...

Алматының Ерте араласу орталығында өткен арт-терапия балдырғандарға ұнады

Әлеумет 01.05.2025, 08:30 953
Алматының Ерте араласу орталығында өткен арт-терапия балдырғандарға ұнады
Almaty-akshamy.kz
Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Ерте араласу әлеуметтік қызметтер орталығында арт-терапия сабағы өтті. Оған осы орталықтан тегін қызмет алып жүрген балалар...

Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Ерте араласу әлеуметтік қызметтер орталығында арт-терапия сабағы өтті. Оған осы орталықтан тегін қызмет алып жүрген балалар ата-анасымен қатысты.

Арт-терапияның Қазақстан халқының бірлігі күніне орайластырылғаны да жайдан-жай емес. Бұл орталыққа түрлі этнос өкілдері келеді. Бәрі тату, бір-біріне тілекші. Себебі бәрі де күнде жетектеп жүрген, денсаулығында кінәраты бар баласының толыққанды өмірге араласып кетуіне жанын салып жүр. Олар күнде орталыққа келгенде бір-бірімен шұрқырай амандасып, хал-жағдай сұрасып қауқылдасып жатады. Бүгінгі арт-терапия да балаларды, ата-аналарды және орталық қызметкерлерін бір-біріне тағы да жақындастыра түскендей. Балдырғандар мамандар көмегімен бейнетерапия мен ойын терапиясына қатысты. Алақанмен сурет салды. Әр балаға жеке-жеке көңіл бөлінді. Орталық қызметкерлері кішкентай достарын сабақ кезінде мақтап, мадақтап, көтермелеп отыруды да ұмытқан жоқ.

 

– Арт-терапия кезінде өз жұмысына риза болған кішкентай балдырғандармен бірге өзіміз де мәз бола қуандық. Балалар өзін еркін сезінді. Арт-терапиялық сабақтың мақсаты да сол – ол жұмыс үстінде өзін жайлы сезініп, мазасыздығы басылып, ой-әрекеті бір арнаға шоғырланып, өзі сөзбен жеткізе алмайтын немесе дауыстап айта алмайтын нәрсесін бояу, сурет арқылы білдіріп, нәтижесінде өз іс-қимылынан қуат алады. Балаларға ынтымақтаса істеген топтық жұмыс та ұнады деп ойлаймын. Арт-терапия олардың ұсақ моторикасын, шығармашылық ойлау қабілетін, сөйлеуін дамытады. Біздің кішкентай достарымызға және ата-аналарына бір сәттік қуаныш сыйлай алғанымыздың өзі үлкен жетістік, – дейді Алматы қаласы

Ерте араласу әлеуметтік қызметтер орталығының директоры Нұрзия Ағабекқызы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,300 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.