AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматының екі ауданында жылу желілерін ауыстыруға...

Алматының екі ауданында жылу желілерін ауыстыруға байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Барлығы 30.05.2025, 14:27 760 Сұлу
Алматының екі ауданында жылу желілерін ауыстыруға байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі
aqshamnews.kz

Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Алматыда инженерлік желілерді жоспарлы түрде қайта жаңғырту жұмыстары жалғасып келеді. Осыған байланысты қаланың екі ауданында бірқатар көшенің кей жерінде автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі.

31 мамырдан 20 шілдеге дейін Алмалы ауданында Бөгенбай батыр көшесінің Бруно көшесінен Аносов көшесіне дейінгі бөлігінде екі бағытта да көлік қозғалысы шектеледі.

31 мамырдан 30 маусымға дейін Түрксіб ауданында Котельников көшесінің Сейфуллин даңғылынан Ақан Сері көшесіне дейінгі бөлігінде де екі бағытта көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады.

Бұл көшелерде жолдың астынан өтетін магистральдық құбырларды қайта жаңарту жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында уақытша шектеулер енгізіледі.

Аталған аудандарда биыл жалпы ұзындығы 3 шақырым болатын, 1983-1985 жылдары пайдалануға берілген жылу желілері жаңартылады. Бұл 105 көпқабатты тұрғын үйді, 5 жеке үйді, 1 мектеп пен 3 өзге де нысанды қыс мезгілінде тұрақты жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, қайта жаңғырту жұмыстары кезінде тұрғындарға ыстық су үздіксіз беріледі.

Жалпы, биыл қала бойынша 39 шақырым жылу желісін қайта жаңарту жоспарланған. Бұл желілердің тозу деңгейін 54%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеу туралы барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ, 2GIS және Яндекс карталар сервистерінде жарияланған.

Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жылу #Жылу желілері #Көше #Ескерту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);