AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматының Бостандық ауданында жаңа саябақ бой көте...

Алматының Бостандық ауданында жаңа саябақ бой көтереді

Барлығы 02.08.2025, 18:52 785 Сұлу
Алматының Бостандық ауданында жаңа саябақ бой көтереді
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында қала тұрғындары мен қонақтарына арналған жаңа қоғамдық кеңістіктің абаттандырылу жұмыстарын көріп қайтты.

Жаңа саябақ Жароков пен Си Синхай көшелерінің қиылысында, «Оңтүстік» саябағының солтүстігінде орналасқан. Жалпы аумағы 4,1 гектар.

Қазіргі таңда аумақта жаяу жүргіншілерге арналған жолдар төселіп, балаларға ойнауға ыңғайлы алаңқайлар орнатылып, жарықтандыру жүйесі мен шағын сәулеттік элементтер қойылып жатыр. Көгалдандыруға ерекше көңіл бөлініп, 120-дан астам ірі ағаш, атап айтқанда жөке, талшын және қарағай отырғызу көзделген. Жаңа саябақ алматылықтардың тынығып, серуендейтін заманауи әрі жайлы мекеніне айналмақ.

Мердігер ұйымдардың өкілдеріне қарата сөйлеген қала әкімі атқарылатын істің мерзімі мен сапасын бұлжытпай орындаудың маңыздылығын атап өтті:

«Мердігерлерге нақты тапсырма берілді, құрылыс белгіленген уақытта әрі тиісті деңгейде аяқталуға тиіс. Қала тұрғындарына сапалы жұмыс керек, біз мерзімнің созылып кетуіне немесе атүсті жасауға жол бермейміз. Егер тәртіп бұзушылықтар анықталса, қатаң шаралар қолданамыз», — деді Дархан Сатыбалды.

Ол жобаны жауапсыз орындаған жағдайда орындаушылардың жеке жауапкершілігі бар екенін де еске салды. Қала басшысының тапсырмасы бойынша құрылыс жұмыстарын үш ай ішінде толық аяқтау жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Бостандық ауданы #саябақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);