AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматының Бостандық ауданында 500 адамға арналған...

Алматының Бостандық ауданында 500 адамға арналған жаңа заманауи емхана ашылады

Медицина 20.03.2025, 16:33 814
Алматының Бостандық ауданында 500 адамға арналған жаңа заманауи емхана ашылады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Денсаулық сақтау саласын жетілдіруге қосымша 18,7 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат Алматыдағы медициналық мекемелердің ауқымды жаңғырту жұмыстарына бағытталады. Бұл туралы Алматы қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков айтты.

«Қалқаман» шағын ауданындағы №7 қалалық клиникалық аурухана мен Түрксіб ауданындағы №4 қалалық клиникалық аурухананы жаңғырту жұмыстары басталады. Жоба аясында емдеу корпустары жаңартылып, заманауи медициналық жабдықтар сатып алынады. Сондай-ақ, жаңа желдету және энергия үнемдеу жүйелері енгізіледі.

«Әсіресе, Бостандық ауданында 500 адамды қабылдай алатын жаңа емхананың құрылысын ерекше атап өткім келеді. Бұл аудан тұрғындары үшін сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етеді», – деді Қанат Сухамбеков.

Оның айтуынша, Алатау ауданының «Саялы» шағын ауданында және Түрксіб ауданындағы Айбасов көшесінде салынып жатқан отбасылық-дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы аяқталуға жақын. Бұл нысандарды биыл шілде айында пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Алматыда денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен медициналық инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қанат Сухамбеков #Алматы #емхана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);