AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматының бірқатар қиылысында бағдаршам фазалары т...

Алматының бірқатар қиылысында бағдаршам фазалары түзетілді

Барлығы 08.02.2026, 12:43 396 Сұлу
Алматының бірқатар қиылысында бағдаршам фазалары түзетілді
Алматы әкімдігі

Алматыда жүктемесі жоғары бірқатар қиылыста қозғалыс сызбасын түзету бойынша пилоттық жоба қолға алынды. Жоба аясында жүргіншілер мен көлік қозғалысына арналған жекелеген бағдаршам фазалары өзгертіледі. Бұл туралы Алматы қаласының Жол қозғалысын және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының өкілдері айтты.

Өзгерістер мына қиылыстарда енгізіледі: Назарбаев даңғылы – Гоголь көшесі; Абылай хан даңғылы – Гоголь көшесі; Достық даңғылы – Абай даңғылы; Сейфуллин даңғылы – Мақатаев көшесі; Абай даңғылы – Алтынсарин даңғылы.

6 ақпанда пилоттық режимде Назарбаев даңғылы мен Гоголь көшесінің, сондай-ақ Абылай хан даңғылы мен Гоголь көшесінің қиылыстарында жаңартылған қозғалыс сызбасы енгізілді. Қалған учаскелерде осындай өзгерістерді 15 ақпанға дейін іске асыру жоспарланып отыр.

Бағдаршам нысандарының жұмысын түзету Алматы қаласының Жол қозғалысын және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы мен Әкімшілік полиция басқармасы бірлесіп жүргізді. Пилоттық жоба аясында жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыруға және көлік қозғалысын жеңілдетуге бағытталған қосымша бағдаршам фазасы енгізілді.

Өзгерістер қозғалысты оңтайландыру және апаттық тәуекелдің қаупін азайту мақсатында ең көп жүктемесі бар қиылыстарда енгізіледі.

Жүргізушілер мен жүргіншілерге бағдаршам сигналдарын мұқият қадағалап, Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау ұсынылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жол #өзгеріс #Бағдаршам
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22

Халықаралық рейтингте Қазақстан биыл көшуге ең қолайлы ТМД елі деп танылды

Бүгін 08:58

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);