AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Әуезов ауданында жаңа қоғамдық кеңістік...

Алматының Әуезов ауданында жаңа қоғамдық кеңістік ашылды

Әлеумет 29.12.2021, 03:21 970
Алматының Әуезов ауданында жаңа қоғамдық кеңістік ашылды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде Әуезов ауданындағы "Алтын бесік" шағынауданына барды. Мұндағы қараусыз қалған алаңқайларда ойын және спорт алаңдары жабдықталып, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бақытжан Сағынтаев "Алтын бесік" шағынауданының Трудовая көшесіндегі қоғамдық кеңістіктің абаттандырылуымен және жасалуымен танысты. Бұрындары аумағы 9 мың шаршы метр болатын алаң қараусыз қалған еді. Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша алаң тазартылды, тренажерлері, теннис үстелдері, воркаут-аймағы бар спорт алаңы ұйымдастырылды. Сондай-ақ, футбол және баскетбол, скейт алаңдары, балалардың ойын аймағы қарастырылған. Жарықтандырылып, бейнебақылау орнатылған. 



Еске салсақ, бұдан бұрын осы шағынауданының Әнет баба көшесінде абаттандырылған кеңістік ашылып, онда жатақхана салу жоспарланған болатын. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев аудан тұрғындарының өтініштерінен кейін шешім қабылдады.  



Қазір мұнда футбол және баскетбол алаңдары, жүгіру жолдары бар спорт алаңы, балаларға арналған ойын алаңы, воркаут-аймақ және скейт-алаң салынды. Аумақ абаттандырылып, жарықтандырылды, урналар мен орындықтар қойылды, бұталар мен ағаштар отырғызылды. Жақын жерге 120 орындық балабақша салынады. Учаскенің бір бөлігі саябақ аумағы ретінде абаттандырылып, кіші сәулет пішіндері қойылып, гүлзарлар жасалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Алаяқтардың басты қаруы – адамның сенімі»: интернеттегі қауіптен қалай қорғанамыз?

Кеше 17:19

10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары

Кеше 17:10

Алматыда Масанчи көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 16:14

Интернеттегі алаяқтық: бір сілтеме бүкіл ақшаңыздан айыруы мүмкін

Кеше 15:18

«Таза Қазақстан» түркі әлемінің жастарын біріктіреді: Алматыда халықаралық кемпингтің екінші күні өтті

Кеше 14:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);