AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы

Алматының алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы

Әлеумет 10.10.2026, 10:05 284
Алматының алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Гүлтаңсық Медеуованың айтуынша, алдағы демалыс күндері мен аптаның басы жылы болады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда сенбі мен жексенбідегі шуақты және құрғақ күндерден кейін жауын-шашын түсіп, ауа райы қайта салқындайды. Бірақ келесі апта соңына қарай күн қайта жылынады.

"Болжамды кезеңнің басында Алматыда ауа райы негізінен құрғақ әрі салыстырмалы түрде жылы болады деп күтіледі. Түнгі ауа температурасы +8...+13°C шамасында болады. Аптаның ортасында ауа райы өзгереді: күндізгі ауа температурасы +17...+19°C-қа дейін төмендеп, жаңбыр жауатыны болжанады", – дейді синоптик.

Сонымен қатар, оның айтуынша, кейін жауын-шашын тоқтап, аталған кезеңнің соңына қарай күндіз ауа температурасы +20...+22°C-ге дейін біртіндеп көтеріліп, қайтадан жауын-шашынсыз ауа райы оралады.

"Бүкіл кезең бойы солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрді, аталған кезеңнің ортасында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты желдің жылдамдығы секундына 13 метрге дейін күшейеді деп күтіледі", – дейді гидрометеоорталық өкілі.

Алматы қаласы бойынша 2026 жылғы 10-16 қазан аралығына арналған ауа райы болжамы:

  • 10-11 қазан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +8...+10°C, күндіз: +20...+22°C.

  • 12 қазан: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с, күндіз кей тұстарда 13 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +11...+13°C, күндіз: +17...+19°C.

  • 13 қазан: аспан бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +8...+10°C, күндіз: +17...+19°C.

  • 14 қазан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +8...+10°C, күндіз: +19...+21°C.

  • 15-16 қазан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +9...+11°C, күндіз: +20...+22°C.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11

Сәрсенбі күнгі ауа райы мәліметі

Бүгін 09:05

Президент тапсырмасына сәйкес автожол саласын реформалау жөніндегі үкіметтік жұмыс тобы құрылды

Бүгін 08:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);