конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының Алатау ауданында 2026 жылы төрт мектеп а...

Алматының Алатау ауданында 2026 жылы төрт мектеп ашылып, ірі инфрақұрылымдық жобалар аяқталады

Алматы 05.08.2026, 09:35 171
Алматының Алатау ауданында 2026 жылы төрт мектеп ашылып, ірі инфрақұрылымдық жобалар аяқталады
Алматы әкімдігі

Алатау ауданында 2026 жылдың соңына дейін жалпы сыйымдылығы 4 300 орындық төрт мектепті пайдалануға беру жоспарланған, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. Бұл туралы аудан әкімдігінің өкілдері мәлімдеді.

Жаңа оқу жылында Зерделі шағынауданындағы 550 орындық №178 лицей, Ақмаржан шағынауданындағы 2 мың орындық №230 мектеп және Ғажайып шағынауданындағы 1 200 орындық жаңа мектеп оқушыларға есігін айқара ашады. Ал Қарасу шағынауданындағы №160 мектепті биыл қараша айында пайдалануға беру жоспарланған.

Саялы шағынауданында тәулігіне 200 адам қабылдайтын отбасылық дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталды. Сондай-ақ мұнда Инновациялық шығармашылық орталық салынып, балаларды үйірмелерге қабылдау басталды.

Ауданда инженерлік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары да жалғасуда. 2026 жылы Рахат–Мәдениет және Шапағат шағынаудандарында ұзындығы 177,8 шақырым болатын су құбыры мен кәріз желілерін пайдалануға беру жоспарланған. Бұл шамамен 19 мың тұрғынды орталықтандырылған инженерлік желілермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Теректі шағынауданында қосымша 92,2 шақырым инженерлік желі салынып жатыр.

Сонымен қатар жалпы ұзындығы 61,1 шақырым болатын 95 көшеде орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы 3,2 шақырым болатын Саин көшесі аумағының құрылысы аяқталды. Қазіргі уақытта Боралдай, Рахат–Мәдениет және Теректі шағынаудандарында жол құрылысы жұмыстары жалғасып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:27

Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:16

Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 11:13

Үкіметте білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды

Бүгін 10:43

Қазақстанда бір палаталы Құрылтай жұмыс істей бастайды

Бүгін 09:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);