ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Алатау ауданында 170 шақырым электр желі...

Алматының Алатау ауданында 170 шақырым электр желілері жөнделеді

Әлеумет 24.04.2025, 10:19 1,054
Алматының Алатау ауданында 170 шақырым электр желілері жөнделеді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі
Алматының Алатау ауданындағы 8 шағын ауданында жаңа трансформаторлық қосалқы станциялар пайда болады

Алматының Алатау ауданындағы 8 шағын ауданында жаңа трансформаторлық қосалқы станциялар пайда болады

Алатау ауданын тұрақты электрмен жабдықтаумен қамтамасыз ету үшін өткен жылы «АЖК» АҚ 42,4 км электр желілерін реконструкциялады және  Шаңырақ ш/а-дағы 12 трансформаторлық қосалқы станция жөнделді.  Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді. 

2025 жылы «АЖК» АҚ 11 шағын ауданда («Шаңырақ-1, 2», «Әйгерім-1, 2», «Ұлжан-1, 2», «Ақбұлақ», «Алғабас», «Теректі», «Өжет» және «Қарасу»), сондай-ақ 64 ТП және 6 қосалқы станцияны күрделі және ағғымдағы жөндеуден өткізу жоспарлануда. Электр желілерін жаңарту ағымдағы жөндеу аясында 170 км және күрделі жөндеу аясында 28,5 км-ді қамтиды.

2025 жылдың соңына дейін 73,5 км иесіз электр желілерін қайта жаңарту және 8 шағын ауданда (Алғабас, Теректі, Шаңырақ, Ұлжан, 14-ші аумақ, Өжет, Самғау және Шапағат) 33 ТП орнату аяқталады. 

Ерболат Досаевтың айтуынша, ауданда сапалы сыртқы жарықтандырумен қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, 2024 жылы 55 көшеде 16 км кабель желілері мен 600 көше шамдары ауыстырылды.

«2025 жылдың мамыр айында біз Алатау ауданының 255 көшесі мен қоғамдық орындарын жарықтандыру бойынша ауқымды жобаны іске асыруға кірісеміз. Жұмыс аясында 2,9 мың тірек пен 3,5 мың шам орнатылады», - деді әкім. 

Айта кетейік, қалада инженерлік желілерді жаңғырту және реконструкциялау бойынша кешенді шаралар белсенді қабылдануда. Осылайша, қабылданып жатқан шаралар 2025 жылы электрмен жабдықтау желілерінің тозуын 63,3% - ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,307 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.