ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматының акробаттары Миланда әлемдік рекорд орнат...

Алматының акробаттары Миланда әлемдік рекорд орнатты

Мәдени Алматы 05.05.2025, 12:27 746
Алматының акробаттары Миланда әлемдік рекорд орнатты
Өңірлік коммуникациялар қызметі
Алматы циркінің әртістері Гиннестің рекордтар кітабына енді

Алматы циркінің әртістері Гиннестің рекордтар кітабына енді

Отандық цирк өнері үшін нағыз жеңіс. Алматы циркінің әртістері, әйгілі «СЕРБАТ» акробатикалық тобының мүшелері – Батыр Жанұзақ пен Марлен Маратов Миландағы беделді «Lo Show Dei Record» халықаралық шоуында бірегей рекорд орнатып, Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында рекордсмендердің өздері хабарлады. 

Италияда олар баспалдақтан төңкеріліп түскен адаммен бірге  ең қиын трюкті 36,66 секундта орындаған.  Бұл жетістік көрермендерді ғана емес, халықаралық қазылар алқасын да таңғалдырды. Ол алматылық акробаттардың ерекше даярлығының, ептілігі мен шеберлігінің символына айналды.

«Бұл керемет сәт болды. Біз бұл рекордқа ұзақ және  табандылықпен дайындалдық. Бүкіл залдың қол шапалақтағанын көру – ұмытылмайтын ерекше сәт болды!», — деді, рекордсмен, атақты «СЕРБАТ» акробатикалық тобының мүшесі Батыр Жанұзақ.

«Біз үшін бұл жай ғана рекорд емес, бұл бүкіл командамыздың еңбегіне, цирк өнеріне деген махаббатына берілген баға. Бізге сенген барлық жанкүйерлерге алғысымыз шексіз!», — деп толықтырды Алматы циркінің рекордсмені Марлен Маратов. 

«СЕРБАТ» цирк тобы ұзақ уақыт бойы әлемдік сахнада танылып, «America's Got Talent», «Britain's Got Talent» және «China’s Got Talent» сияқты белгілі шоулардың финалистері мен жеңімпаздары болды.

Олардың қойылымы әрқашан бірегейлігімен, шеберлігімен және жоғары техникалық деңгейімен ерекшеленді.

«Біз өнерпаздарымызбен мақтанамыз. Бұл рекорд – жеке жетістік қана емес, сонымен қатар қазақ цирк өнерінің дамуына қосылған зор үлес. Енді Қазақстанда нағыз цирк шеберлері бар екенін бүкіл әлем біледі», — деді Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Мақсат Жайықов. 

Оның айтуынша, бұл рекорд қазақстандық әртістердің деңгейі жоғары екенін дәлелдеп, Алматы циркінің халықаралық аренадағы беделін нығайтуға жасалған тағы бір қадам болды.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.