ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «Алматыны одан әрі көркейте түсеміз»: ауқымды жал...

«Алматыны одан әрі көркейте түсеміз»: ауқымды жалпықалалық науқан 1 наурызда басталады

Әлеумет 28.02.2025, 18:35 645
«Алматыны одан әрі көркейте түсеміз»: ауқымды жалпықалалық науқан 1 наурызда басталады
Алматы қаласы әкімдігі
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында өтетін «Алматы – біздің ортақ үйіміз» атты жалпықалалық акция басталар алдында тұрғындарға...

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында өтетін «Алматы – біздің ортақ үйіміз» атты жалпықалалық акция басталар алдында тұрғындарға үндеу жасады. Ол барлық алматылықты науқанға белсенді қатысып, қаланы одан әрі көркейтуге және көгалдандыруға шақырды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«Құрметті алматылықтар! Наурыз – ежелден жаңару кезеңі. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында халқымыз табиғаттың жаңаруымен қатар, айналаны тазалап, қоршаған ортаны көркейтумен айналысқан. Бұл игі дәстүр бүгінге дейін жалғасып келеді. 1 наурыздан бастап бізде «Алматы – біздің ортақ үйіміз» акциясы басталады. Баршаңызды осы маңызды іске белсенді қатысуға шақырамын. Алматыны ең көркем әрі жасыл қалаға айналдыру біздің қолымызда», – деді әкімнің орынбасары. 

А. Әбдіқадыровтың айтуынша, науқан 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында өтеді және 4 негізгі кезеңге бөлінген.

Бірінші кезең – «Таза көшелер»: аялдамалар, бағдаршамдар, жаяу жүргіншілер өткелдері, жол белгілері, жарықтандыру құрылғыларын тазалау, сондай-ақ қоғамдық орындарға жаңа қоқыс жәшіктерін орнату. 

Екінші кезең – «Таза саябақтар мен скверлер»: тұрғындар мен еріктілердің қатысуымен саябақтар, скверлер және өзен жағалауларында қоқыс жинау жұмыстары. 

Үшінші кезең – «Таза аулалар»: аулаларда жергілікті сенбіліктер өткізу, балалар және спорт алаңдарын, көркейту элементтерін сырлау. 

Төртінші, соңғы кезең – «Біздің қала – біздің мақтанышымыз»: тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды ретке келтіру, жаппай ағаш отырғызу және қаланы көгалдандыру іс-шаралары.

«Құрметті тұрғындар! «Алматы – біздің ортақ үйіміз», ал әр үйде тазалық пен жайлылық болуы керек. Әрқайсыңызды өзінен кейін қоқыс қалдырмауға, табиғатты аялауға және тазалық сақтауға шақырамын. Біздің науқанға атсалысыңыздар! Қаламыз баршаға үлгі болсын! Алматыға деген қамқорлықтарыңыз бен сүйіспеншіліктеріңіз үшін рақмет!», – деп сөзін түйіндеді Әлішер Әбдіқадыров. 

Айта кетейік, «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанына қатысты барлық жаңалық Almaty.kz сайтында жарияланып отырады

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,445 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,257 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,338 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,185 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.