Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыны басқару схемасына екі жаңа басқарма қосу...

Алматыны басқару схемасына екі жаңа басқарма қосу арқылы тиісті өзгерістер енгізу ұсынылады

Әлеумет 21.02.2024, 04:59 791
Алматыны басқару схемасына екі жаңа басқарма қосу арқылы тиісті өзгерістер енгізу ұсынылады
Сурет: Aлматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысының сейсмикалық қауіпсіздікті күшейту және қоғамдық кеңістіктерді сапалы дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін, 2 жаңа басқарма құру ұсынылады.


Бірінші. Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасы. 


Өздеріңіз білетіндей, өткен айда Мемлекет басшысы сейсмикалық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударуды және осы бағыттағы мемлекеттік органдардың қызметін түбегейлі қайта қарауды тапсырды.  


Бұл басқарманың негізгі міндеті сейсмикалық қауіпсіздік стандарттарының сақталуын қамтамасыз ету, жер сілкінісі тәуекелдерін басқару, табиғи апаттар кезінде керек болатын базалық дағдыларға халықты оқытуды ұйымдастыру, сондайақ сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша төтенше жағдайлар, полиция департаменттерінің, қалалық қызметтердің және ұйымдардың жұмыстарын үйлестіру болып табылады.


Бұдан басқа, осы басқармаға қала әкімі аппаратынан жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс пен азаматтық қорғауды қамтамасыз ету саласындағы функциялар беріледі.


Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасының жұмысы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қаупін мониторингтеудің бірыңғай жүйесін әзірлеуге, сейсмоаудитті сапалы жүргізуге, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде тәуекелдерді азайту бойынша жедел және алдын алу шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.


Екінші. Өздеріңіз білетіндей, Алматы қаласын Дамыту бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі жайлы қалалық ортаны қамтамасыз ету болып табылады.


Осыған байланысты келесі функцияларды беру арқылы Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасын құру ұсынылады:



  • Қоғамдық кеңістіктерді дамыту бойынша бірыңғай принциптер мен тәсілдерді қамтамасыз ету үшін қала басқармалары мен аудан әкімдіктерінің жұмысын үйлестіру;

  • Қоғамдық кеңістіктерді дамыту тұжырымдамаларын әзірлеу және жобалау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

  • Қалалық маңызы бар қоғамдық кеңістіктерді жаңғырту, салу және абаттандыру функциялары берілетін болады.


Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасын құру Алматы қаласының тарихи бірегейлігін ескере отырып, қоғамдық кеңістіктерді сапалы құруға және қайта құруға мүмкіндік береді.


Жоғарыда айтылғандардың негізінде Алматы қаласын басқару схемасына екі жаңа басқарма қосу арқылы тиісті өзгерістер енгізу ұсынылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мәслихат #отырыс #ұсыныс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.