AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматылықтарды сүйсіндірген патрульдік полицей

Алматылықтарды сүйсіндірген патрульдік полицей

Заң мен тəртіп 29.12.2024, 21:12 957 Bakyt
Алматылықтарды сүйсіндірген патрульдік полицей
Polisia.kz.
 

Алматыда қызмет ететін патрульдік полиция қызметкері Мерей Сәрсебек өзінің кәсібилігі, сыпайылығы және адамгершілігімен қала тұрғындарының ризашылығына бөленіп жүр. Оның зейінді жұмысы мен адал қызметі әлеуметтік желіде ерекше талқыланып, алғыстар айтылуда.

Мерей Сәрсебек Ішкі істер органдарында 2020 жылдан бері жұмыс істеп келеді, қазіргі уақытта взвод командирі болып табылады. Оның жоғары кәсібилігі мен адалдығы жас мамандарға үлгі болуда. Қазіргі таңда ол өз тәжірибесін жас полицейлерге үйретіп, азаматтарды қорғау ісінде тәлімгер ретінде қызмет етуде.

Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Серік Шумаев Мерейдің бұл қасиеттерін ІІМ-нің ардагері болған әкесінен үйренгеніне сенімді екенін атап өтті.

Жаңа жыл түні Мерей Сәрсебек көптеген әріптестері сияқты қаладағы тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жұмыс орнында болады. Оның сөзінше, жұмыстағы жетістігінің сыры – сыпайылық, зейінділік, жауапкершілік және адамдарға құрметпен қарау.

"Ең бастысы – азаматтардың алғысын есту. Бұл – біздің жұмысымыздың негізгі мақсаты және менің жүрегімді жылытады," – деді Мерей Сәрсебек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #полиция #Мерей Сәрсебек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);