AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматылықтар төлемдегі үзіліс кезінде сақтандырылғ...

Алматылықтар төлемдегі үзіліс кезінде сақтандырылған мәртебесін 6 айға дейін сақтай алады

Әлеумет 28.12.2025, 11:45 594 yakiya
Алматылықтар төлемдегі үзіліс кезінде сақтандырылған мәртебесін 6 айға дейін сақтай алады
Өңірлік коммуникациялар қызметі

2026 жылы 1 қаңтардан бастап кемінде бес жыл бойы МӘМС жүйесіне тұрақты түрде жарна төлеп келген Алматы тұрғындары төлем уақытша тоқтатылған жағдайда да алты ай бойы сақтандырылған мәртебесін сақтай алады.

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық бөлімшесінің директоры Мұхамеджан Ілияс осылай деді. Жаңа норма әсіресе, жұмыс орнын ауыстырған жалдамалы қызметкерлерге керек, бірақ ол жарна төлеушілердің барлық санатын бірдей қамтиды екен.

«Яғни, жұмысынан айырылған немесе уақытша қаржылық қиындыққа тап болған азаматтар медициналық көмексіз қалмайды, бұрынғыдай МӘМС аясында қызмет ала береді. Бірақ табысы қайта қалпына келгеннен кейін өткен айлардағы берешегін өтеуі керек», – деді ол.

Қазір «сақтандырылған» мәртебесі төлем тоқтатылғаннан кейін үш ай бойы сақталады. Бұл норма жарнаны төлеу ұзақтығына қарамастан әрі қарай да қолданыста болады. Сақтандырылған мәртебені алғаш рет алғандар бұрынғыдай 12 айға жарна төлейді. Спикердің айтуынша, бұл өзгерістер азаматтардың әлеуметтік жағынан қорғалуын арттырып, медициналық сақтандыру жүйесінен уақытша шығып қалу қаупін азайтуға бағытталған.

Сондай-ақ, 2026 жылдан бастап МӘМС жүйесінде сақтандыру моделінің қаржылық тұрақтылығы мен әділдігін арттыруға бағытталған біраз өзгеріс енгізіледі. Атап айтқанда, жарнаны есептеу үшін табыстың жоғарғы шегі ұлғайтылады: • қызметкерлер үшін – 20 ең төменгі жалақыға дейін, • жұмыс берушілер үшін – 40 ең төменгі жалақыға дейін. Қазіргі таңда бұл шек 10 ең төменгі жалақы болып отыр. Спикердің айтуынша, шекті мөлшердің өзгеруі осы жүйедегілерге қаржылық жүктемені теңестіруге мүмкіндік береді, себебі қазір жоғары табысы бар азаматтар жарнаны салыстырмалы түрде аз төлейді.

Бұл өзгеріс жыл сайын шамамен 200 млрд теңгедей қосымша қаржы тартуға жол ашпақ. Сонымен қатар, аталған өзгерістер денсаулық сақтау қызметіне бәрінің әділ түрде қолы жетіп, мемлекет, жұмыс берушілер мен азаматтардың МӘМС жүйесіне теңдей қатысуына негізделген Бірыңғай медициналық көмек пакетін қалыптастыру үшін қолға алынып жатқаны айтылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#МӘМС
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);