ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматылықтар жылу берушілерге 2 млрд теңгеден аста...

Алматылықтар жылу берушілерге 2 млрд теңгеден астам қарыз

Алматы 11.07.2025, 11:01 570
Алматылықтар жылу берушілерге 2 млрд теңгеден астам қарыз
Алматы әкімдігі
Алматы жылу желілері жылу энергиясы үшін миллиардтаған қарызды төлемеген тұрғындардан сот арқылы өндіріп алады. Осы үдеріс аясында мүлікке және банктік шоттарға және шетелге шығуға тыйым салынады....

Алматы жылу желілері жылу энергиясы үшін миллиардтаған қарызды төлемеген тұрғындардан сот арқылы өндіріп алады. Осы үдеріс аясында мүлікке және банктік шоттарға және шетелге шығуға тыйым салынады. Сонымен қатар қарызды толық өтемейінше оларға ыстық су беру тоқтатылады.

Қарыз туралы бірнеше рет ескерту алғанына қарамастан, тұтынушылардың бір бөлігі коммуналдық қызметті жеткізушінің заңды талаптарын елемеуде. Биыл жыл басынан бері Алматыда жылу энергиясы үшін төлем жасамаған 600-ден астам абонентке ыстық су беру шектелген. Сонымен қатар заңды тұлғаларға сотқа дейінгі 3345 талап жіберілді.

Жылумен және ыстық сумен жабдықтау үшін қарызы бар 5184 тұрғыннан қарызды өндіріп алу бойынша жұмыс жүргізілді. Ол үшін сотқа талап-арыз берілді, сондай-ақ нотариустарға атқарушылық жазбалар жасау үшін арыздар жіберілді.

Бүгінде сот орындаушылары қарызды өндіріп алу бойынша іс-шараларды жалғастыруда. Коммуналдық қызметке төлем жасамаған 1 754 борышкерге қатысты шектеу шаралары қабылданды:

* 926 борышкердің мүлкіне тыйым салынды (жылжитын және жылжымайтын);
* 822 банктік шот бұғатталды;
* 254 борышкерге қатысты Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға тыйым салынды;
•144 азаматтың жалақысы мен өзге де табысынан берешек ұсталды.

Бүгінде Алматы жылу тұтынушыларының пайдаланған ыстық су мен жылу үшін жиынтық қарызы шамамен 2 млрд теңге.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындарын жауапкершілік танытуға, қарызды жинамай, жылумен жабдықтау қызметін уақытылы төлеуге шақырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.