AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматылық волонтерлер «Медеу» мұз айдынында балал...

Алматылық волонтерлер «Медеу» мұз айдынында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тегін коньки тебу кешін өткізді

Әлеумет 30.12.2023, 12:03 1,311
Алматылық волонтерлер  «Медеу» мұз айдынында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне  тегін коньки тебу кешін өткізді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы Волонтерлер фронт-офисі Жаңа жыл мерекесі қарсаңында, балаларды сергіту және олармен қызықты уақыт өткізу мақсатында  «Медеу» мұз айдынында тегін коньки тебу кешін ұйымдастырды.


Шараға «Жанұя» жетім балаларға арналған мамандандырылған кешеннің 70-ке жуық тәрбиеленушілері қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Волонтерлер балаларға «Медеу» мұз айдынына тегін кірумен қатар, тіскебасарлар мен сусындар ұсынды. Ұйымдастырушылардың айтуынша балаларға арналған осындай шара алдағы уақытта жалғасын табады.




«Бүгінгі іс-шара арқылы біз балалар үйінің тәрбиеленушілерін жаңа жыл мерекесімен құттықтап, көңіл күйлерін көтергіміз келді. Сондай-ақ алдағы уақытта жалғыз басты зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарды жаңа жылмен құттықтап,  қайырымдылық акцияларын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз», - деді сөзінде Алматы қаласы Волонтерлер фронт-офисының жетекшісі Бағдат Анарбаева.



Іс-шара соңында тәрбиеленушілердің қуанышында шек болмады. Балалар үйінің тәрбиешілері өз кезегінде волонтерлерге мейірімді жүректері мен қамқорлықтары үшін шынайы алғысын білдірді.



Айта кетейік, аталмыш шарада балалардың көңіл күйін көтеріп қана қоймай, қауіпсіздігі  үшін «QAMQOR CHARITY» қоғамдық қорынан  20-ға жуық ерікті тартылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматылық волонтерлар #тегін коньки #тебу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент құтқару саласы қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

Бүгін 14:15

  Шекарасыз кітапхана: Алматыда бес елдің сарапшылары инклюзивті кітапханаларды дамыту мәселелерін талқылады

Бүгін 12:47

Алматыда «Таза аула» экологиялық акциясы өтті

Бүгін 12:43

Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді

Бүгін 12:15

2027 жылғы діни күндер кестесі бекітілді

Бүгін 12:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);