ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматылық танымал спортшылар мен эстрада жұлдыздар...

Алматылық танымал спортшылар мен эстрада жұлдыздары Абайдың 180 жылдығына арналған онлайн-челленджге қосылды 

Мәдени Алматы 07.08.2025, 17:35 823
Алматылық танымал спортшылар мен эстрада жұлдыздары Абайдың 180 жылдығына арналған онлайн-челленджге қосылды 
Суретті түсірген - Самат Құсайынов
Биыл 7–10 тамыз аралығында Алматы қаласында ұлы қазақ ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған онлайн-челлендж өтуде. Бұл бастама Абайдың әдеби және...

Биыл 7–10 тамыз аралығында Алматы қаласында ұлы қазақ ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған онлайн-челлендж өтуде. Бұл бастама Абайдың әдеби және философиялық мұрасын кең аудиторияға насихаттауға бағытталған.

Челлендждің мақсаты — қазақстандықтарды маңызды датамен құттықтап, ақын шығармаларында көрініс тапқан рухани құндылықтарды қайта зерделеуге және оларды кеңінен таратуға шабыт беру.

Онлайн-челленджге қазірдің өзінде көптеген адамдар қосылды. Олардың қатарында мәдениет, спорт, ғылым, білім беру, жастар ұйымдары, саяси партиялар өкілдері, Мәжіліс депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, сондай-ақ өнер, медиа және қоғам қайраткерлері бар. Атап айтқанда: Өктем Алтаев, Асхат Тарғын, Жұбаныш Жексенұлы, Мақсат Базарбаев, Саят Нұрғазин, Дәурен Байбөрі, Марта Төлепберген, Гусман Кыргызбаев және тағы басқалар.

Мәселен, Қазақстандық дзюдошы, 2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Гусман Кыргызбаев өз видеоқұттықтауында Абайдың «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап» атты өлеңінен үзінді оқыды.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Жұбаныш Жексенұлы Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып» атты шығармасын орындап, эстафетаны танымал әнші Мақсат Базарбаевқа жолдады. Өз кезегінде ол «Көзімнің қарасы» әнінен үзінді орындады. 

Челлендж кеңінен таралып, үлкен мәдени қозғалысқа айналуда. Бұл қозғалыс қазақстандықтарды Абай ұстанған — білімге ұмтылу, әділдік, адамгершілік және өзін-өзі дамыту сияқты мәңгілік құндылықтар төңірегінде біріктіруде.

Кез келген адам Абайдың өлеңдерінен, «Қара сөздерінен» немесе басқа шығармаларынан үзінді оқып, қысқа видеоқұттықтау жаза алады. Бейнеролик соңында қатысушылар челленджді достарына, әріптестеріне, таныстарына және жазылушыларына жолдап, оларды акцияға қосылуға шақырады.

Дайын видеолар TikTok, Instagram, Facebook және Threads әлеуметтік желілерінде #Абай180жыл және #Abai180 хештегтерімен жарияланады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.