AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматылық Тамирлан Тілеулес таеквондодан Азия ойын...

Алматылық Тамирлан Тілеулес таеквондодан Азия ойындарының тарихи алтынын жеңіп алды

Спорт 02.10.2026, 16:32 220
Алматылық Тамирлан Тілеулес таеквондодан Азия ойындарының тарихи алтынын жеңіп алды
ҰОК

Алматылық спортшы Тамирлан Тілеулес жазғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алған алғашқы қазақстандық таеквондошы атанды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ол Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында тарихи нәтижеге қол жеткізді. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері айтты.

58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Тамирлан Филиппин өкілі Курт Брайан Барбозамен кездесті. Тартысты жекпе-жекте жеңіске жеткен алматылық спортшы Қазақстан таеквондосының тарихына өз есімін жазды.

Алтын медальға апарар жол оңай болған жоқ. Алғашқы белдесуінде Тамирлан Оман спортшысын жеңді. Ширек финалда Иран өкілі, әлем чемпионы Аболфазл Зандиді ұтса, жартылай финалда Оңтүстік Корея спортшысы Ан Хянсиктен 2:1 есебімен басым түсті.

Бұған дейін қазақстандық таеквондошылар Азия ойындарының финалына үш рет шыққанымен, күміс жүлдемен шектелген еді. Тамирлан Тілеулес тұғырдың ең биік сатысына көтерілген алғашқы қазақстандық таеквондошы атанды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#таеквондо
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11

Сәрсенбі күнгі ауа райы мәліметі

Бүгін 09:05

Президент тапсырмасына сәйкес автожол саласын реформалау жөніндегі үкіметтік жұмыс тобы құрылды

Бүгін 08:45

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Король Филипп және Патшайым Матильда Ректорлар форумына қатысты

Кеше 20:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);