AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматылық студенттерге құқықтық жауапкершілік түсі...

Алматылық студенттерге құқықтық жауапкершілік түсіндірілді

Барлығы 13.02.2026, 12:37 476 Сұлу
Алматылық студенттерге құқықтық жауапкершілік түсіндірілді
Алматы қаласы Қоғамдық даму орталығы

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Алматы қаласы Қоғамдық даму орталығының қолдауымен Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде студенттермен маңызды кездесу өтті. Іс-шараның тақырыбы – «Жеке бостандық құқығы: құқықтық негіздері және зорлық-зомбылық, сталкинг пен некеге мәжбүрлеу үшін жауапкершілік».

Кездесуге прокуратура органдарының, адвокаттық қауымдастықтың және құқық саласының өкілдері спикер ретінде қатысып, жастарға жеке бостандық пен жеке тұлға құқықтарының мәні мен маңызын жан-жақты түсіндірді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, зорлық-зомбылық, сталкинг және некеге мәжбүрлеу әрекеттері үшін заңнамада көзделген жауапкершілік шараларын, сондай-ақ құқықтық қорғану тетіктерін кеңінен таныстыру болды. Кездесу барысында жеке бостандықты қорғаудың құқықтық аспектілері талқыланып, қолданыстағы заң нормалары және құқыққа қайшы әрекеттер үшін қарастырылған жауапкершілік түрлері нақты мысалдар арқылы түсіндірілді.

Шара интерактивті форматта өтіп, студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, кәсіби мамандардан мазмұнды әрі нақты жауап алды. Мұндай ашық диалог жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілігін күшейтуге және құқық бұзушылықтың алдын алуға ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #құқық #Студент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22

Халықаралық рейтингте Қазақстан биыл көшуге ең қолайлы ТМД елі деп танылды

Бүгін 08:58

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);