AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматылық спортшылар джиу-джитсудан Қазақстан чемп...

Алматылық спортшылар джиу-джитсудан Қазақстан чемпионатында 38 медаль жеңіп алды

Спорт 17.04.2026, 18:00 564
Алматылық спортшылар джиу-джитсудан Қазақстан чемпионатында 38 медаль жеңіп алды

14-16 сәуір аралығында Астанада джиу-джитсудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жарыста U14, U16 және U18 жас санаттары бойынша неваза және файтинг бөлімдерінде жүлделер сарапқа салынды.
 
Жарыс қорытындысы бойынша алматылық спортшылар жоғары нәтижеге қол жеткізіп, қала намысын абыроймен қорғады. Жалпы есепте олар 38 медаль иеленді: 10 алтын, 9 күміс және 19 қола.

Ең үздік нәтиже U16 жас санатында тіркелді. Бұл топтағы спортшылар 6 алтын, 4 күміс және 8 қола медаль жеңіп алды.

U18 санатындағы қатысушылар да сәтті өнер көрсетіп, қоржынға 3 алтын, 4 күміс және 5 қола медаль салды.

Ал U14 жас санатындағы спортшылар 1 алтын, 1 күміс және 6 қола медальмен жалпы нәтижеге үлес қосты.

Алматы қаласы Спорт басқармасы өкілдерінің мәліметінше, бұл көрсеткіштер шаһарда жекпе-жек спорт түрлерін дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың нәтижесін және спортшылардың республикалық деңгейдегі жоғары әлеуетін айқындайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#джиу-джитсу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);